Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта. -

Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1675 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.
Мақсат: Оқушыларды жергілікті желі және электрондық пошта ұғымдарымен таныстыру. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жеткізу туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылады жергілікті желі және электронды пошта ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту. Желілік құралдарды пайдалану деңгейін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1 Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
2 Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
3 Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
4 Мультимедиа дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.
Бір-бірімен жақын аралықта орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.
Қандай да бір желілік қорды пайдалану үшін:
a. Сетевое окружение қапшығын ашыңдар да, онда қажетті қоры бар компьютерді таңдаңдар.
b. Компьютердегі қорды ашу керек
c. Егер қорға қатынау шектелмеген болса, онда бұл дискімен немесе қапшықпен жергілікті қор сияқты жұмыс істеуге болады.
d. Егер қорға қатынау парольмен шектелген болса, пайда болған диалогтық терезеде парольді енгізіп, ОК батырмасын басу керек.
Электрондық пошта кәдімгі поштаны еске салады: өздерің жіберетін немесе алатын хабарлардың барлығы желілік серверде орнатылған басты бір «пошта бөлімі» арқылы өтеді.
Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есесп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. болуы мүмкін.
Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта деп атайды.
Желі абоненті өзі қосылған тораптың пошталық серверінде тіркеледі және бұл сервер оған жеке пошта жәшігін тағайындайды, яғни пошта серверінде оған сыртқы жадтың бөлімі арналады. Әрбір пошта жәшігіне өз аты беріледі. Бұл жәшікке жіберуші абоненттен алушы абоненттің атына жіберілген хаттар мен пошта келіп түседі.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма.
Электрондық поштаның кәдімгі поштамен ұқсастығымен айырмашылығын жаз.
Ұқсастығы айырмашылығы


Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Жергілікті желі дегеніміз не?
2 Электрондық пошта не үшін қажет?
3 Хабарлар құру жолы?
4 Желілік қорды пайдалану реті?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 8.1, бет. 206-220
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта дегеніміз не. Хабарлама құру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.