Меню
Назад » » »
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
загрузка...

загрузка...

 

Кадырбаева Жаңылай Кабиевна

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Шымкент облысы, Шардара ауданы.

 

Пәні:   Информатика  

    5 сынып                        Күні:            

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты  

 

Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғыларына сипаттама беру арқылы олардың қызметтері мен міндеттерін түсіндіру;

Компьютер құрылғыларын пайдалана білуге және олармен  жұмыс істей отырып білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;

Оқушыларды ДК-мен, ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету.

 

Сабақтың міндеттері

1. Білімділік : Оқушыларға компьютердің құрылымы және қызметі жайлы толық түсіндіріп, компьютермен жұмыс жасауды үйретіп, олардың ой-өрісін жетілдіру.

 2. Тәрбиелік: Оқушыларды білім мен біліктілікке және ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу  

  3. Дамытушылық. Оқушылардың білім мен біліктілік, дағдысын қалыптастыруға, ой өрісін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал жасау.

 

Сабақтың әдісі:         

1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: әңгіме, оқу материалымен өзіндік жұмыс

 2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау, практикум, бағдарламаланған оқыту, дағдыларды жаттықтыру.

 3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау, жартылай ізденушілік, зерттеушілік, миға шабуыл                                           

4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас, диалог

5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: рольдік ойын, ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар, нақты жағдайды саралау.

 

Сабақтың түрі:     

 

 

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

4. Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

 

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы 

арнайы дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, құрылғылардың суреттері, электронды оқулықтар, флипчат, маркер, компьютер, скипер, тапсырмалар,семантикалық карта, бағалау парағы, смайликтер  т.б

Модульдердің қолданылуы

СТО, АКТ, көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Оқуды бағалау

Пәнаралық  байланыс

математика, дизайн

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық. Топқа бөлу.

ІІІ. “Жұмбақ дүние”.

ІV. Тест тапсырмалары

V. “Топтастыру стратегисы”

VІ . Семантикалық картамен жұмыс.

VІІ. Жаңа сабақ.

VІІІ. Сабақты қорытындылау

ІХ. Үйге тапсырма беру

Х. Білімді бағалау кезеңі

ХІ. Рефлексия.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Түгелдеу

 

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберіне жиналып балалар бір-біріне көңіл күй сыйлайды.

Амансың ба алтын Күн!

Амансың ба, көк Аспан!

Амансың ба достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

 

Топқа бөлу

Қазір қандай мезгіл? Күз оқушыларды көкөністер мен жемістердің суретін ажырату арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

Топқа ат беру. І-топ. Монитор. ІІ-топ. Принтер.

 

Үй тапсырмасын сұрау

«Жұмбақ дүние». Құрылғыларға байланысты жұмбақтар қойылады.

1. Бір сарайда тұрады екен,                        2. Ұзынтұра жалқаубек,

Бес атаның балалары                                          Тұрмай ылғи жатады

Қыдырмашы біреу,                                              Қозғала қалса артынан

Бір күн бар да,бір күн жоқ                                   Ешбір белгі қалмайды

Соны есепке алсақ,                                            4. Мәліметті сұраған,

Ұзын сан жүз бір                                                    Экранға шығарған.

3. Пернетақта ауылында тұратын,                   5. Батырманы басасың

Пернелік деген атының                                          Қажетіңді ашасың 

Бар екен 12 ағайынды                                            6. Мәліметті сұраған,

Немерелері алғашқы                                                  Экранға шығарған.

Есімдері де өздерінің бір қызық                           7. Компьютермен енеді,

Тек қана F(эф) әрпімен басталады.                          Қағазға басып береді.  

Топтастыру стратегиясы

Оқушылар сұраққа жауап беріп екі топ құрылғылардың аттарын жазып шығады.

         

                                 

   

 

Тест тапсырмалары

1. Ақпаратты сақтау, жинау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән қалай аталады?

А) Информатика;               б) Математика;                          в) Физика;

2. Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы:

А) Принтер;                    б) Жүйелік блок;                       в) Пернетақта;

3. Принтер, дисплей, график салғыш қандай құрылғылар болып табылады?

А) енгізу құрылғысы;                      б) шығару құрылғысы;     

В) оперативті жады құрылғысы;

4. Компьютер экранына ақпарат шығаратын құрылғы:

А) Дисплей;                               б) Сканер;                            в) Принтер;

5. Сыртқы пішіні бойынша дисплей түрлі түсті теледидарға ұқсайтындықтан, оны қалай атайды?

А) Монитор;                        б) Пернетақта;                       в) Процессор;

6. Монитор экранындағы көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады. Бұл нүктелерді қалай атайды?

А) Интегралды схемалар;                   б) Пиксельдер;                    в) Файлдар;

7. Экранда таяқша түрінде жыпылықтап тұратын символ:

А) әріп;                        б) Меңзер;                            в) Таңба;

8. Арнайы кілемше бетінде жылжитын құрылғы:

А) Жүйелік блок;                   б) Пернетақта;                        в) Тышқан;

9. Шағын компьютерлерде тышқанның орнына не қолданылады?

А) Срэкбол;                          б) Брэкбол;                              в) Трэкбол;

10. Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы:

А) Принтер;                         б) Сканер;                            в) Монитор;

 

Суретжұмбақ шешу

 

 

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Оқушылар таблицаны толтырып постер қорғайды.

Негізгі құрылғылар

Қызметі

 

 

 

Қосымша құрылғылар

Қызметі

 

 

 

Жаңа сабақ

      «Жүйелік блоктың құрамы». Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі  құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады. 

                                                                Қатты дискі - ақпаратты ұзақ уақыт

                                                                   сақтауға арналған құрылғы.

                                                 Видиокарта – жүйелік блоктың ішінде

                                                 орналасқан құрылғы. Видиокарта компьютердің

                                                 жүйелік блогындағы бейнені мониторға

                                                      шығаруға дайындайды

                                                     Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен

                                                                  жұмыс жасау үшін қажет.

 

Желілік карта – компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе интернет желісіне қосылу үшін керек.

      Процессор- компьютердің ең басты бөлігі. Ол  компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық  командаларды орындайды.  Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер  де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті  ақпаратты алады.

 Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша  сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад.

 

 

 

Бағдаршам әдісі

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін бағдаршам әдісі арқылы сұрауға болады. Жасыл түс, түсіндім. Сары түс, сұрағым бар, Қызыл түс, түсінбедім.

Сабақты қорытынды-лау:

-   Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Жүйелік блоктың құрамы

Компьютердің негізгі құрылғылары

Компьютердің негізгі құрылғылары

 

 

 

 

      

 

Бағалау

Оқушыларға жауаптарына, топтағы белсенділігіне қарай смайликтер тарату арқылы бағалау.

 

 

 

Үй тапсырмасы:

Компьютердің негізгі құрылғыларының бірі жүйелік блоктың құрамы міндеттері және мүмкіндіктері.

Рефлексия

Сабақ жайлы пікір.

     
Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 352 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar