Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютердің қосымша құрылғылары -

Компьютердің қосымша құрылғылары

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1843 | Размер: | Автор: гость
. Тексерілді: Бекітемін:
Сыныбы:
5 б Күні: 14.10.2015 Пәні:Информатика
Сабақ №7 Мұғалімі:
Бүркітова А.Е
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары
Мақсаты : Оқушылардың компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтижелер: А) Компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттерін және мүмкіндіктерін біледі.
В) Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын ажыратады, практикада қолдана алады.
С) Компьютердің өмірдегі рөліне мысалдар, дәлелдер келтіреді, маңыздылығын бағалайды.
Керекті жабдықтар: Бағалау парақтары, үлестірмелер,
тұсаукесерлер.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 минут Кіріспе бөлімде ДК қосымша құрылғылары: жұпқа бөлемін.
Сергіту сәті
Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір,
Информатика заманы Оқушылар жұпқа бөлінеді

Сергіту сәтін орындайды
Тұсаукесер
7 минут: Үй тапсырмасын сұрау
Кубизм әдісі (өткен материалдарды қоса отырып сұрау)
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
2. Жүйелік қораптың бөліктерін ата?
3. Пернетақта бөліктерін ата
4. Монитордың қызметі қандай?
5. Компьютердің түрлері қандай?
6. Ақпараттың өлшем бірліктері?

Жұмбақ: 2 минут
1Монитор жанында бір қорап,
Тұр өне бойын тоқ орап.
Ең негізгі микросхема,
Аталған ол... (жүйелік қорап)
2.Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
3Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген. (пернетақта)
4.Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып.
Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның? (тышқан)

Сұрақтарға жауап береді

Жұмбақ шешеді
Негізгі бөлім :
Жұпқа бөлінген компьютердің құрылғыларының оқушылар атқаратын қызметіне тоқталады

Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы

Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ - қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады. Лазер сәулесі картриджден қағазға жететін тонерді пісіреді. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді.

Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер, әдетте, түрлі түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады. бүріккіш принтерлердің кемшілігі – қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.

Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.

Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Зерттеушілік әдісімен жаңа сабаққа жұппен жұмыс жасайды. Қосымша құрылғының қызметін анықтайды
Қорытынды

Семантикалық картамен жұмыс

Сканер Принтер Микрофон Дыбыс колонкалары
Енгізу құрылғысы
Шығару құрылғысы
Семантикалық картамен жұмыс жасайды

Сәйкестендіру тесті
Бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Бірін-бірі бағалайды, қолдау, қолпаштау
Бағалау парағы
Бағалау парағы

№ Оқушының аты-жөні «Кубизм»
1 сұрақ 1 балл Жұппен жұмыс
3 балл Практикалық жұмыс Тест
10 балл Қорытынды
Семантикалық карта
4 балл Сәйкестендіру тесті
5 балл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.