Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Инте -

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Инте

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3235 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Интернет. Электронды байланыс.
Мақсат: Оқушыларды компьютерлік байланыстың негізгі түрлерімен таныстыру. Локальды желі, Интернет, Ақпараттық желі және электронды байланыс туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Локальды желі, Интернет және электронды байланыс түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың қазіргі заман технологияларын пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Модельдеудің кезеңдері?
2. Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы?
3. Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
2. Жергілікті желі дегеніміз не?
3. Желілік құрылғыға не жатады?
4. Желілік адаптердің қызметі қандай?
Тапсырма №1.
Мектептің компьютерлік желісімен танысып, ондағы мүмкіндіктерді пайдаланып көріңдер.
Компьютер сыныбындағы жергілікті желімен жұмыс істеу. Сетевое окружение қалтасын ашып, басқа компьютерлердегі файлдар мен қалталарды ашып, жұмыс істеу.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға компьютерлік желілер түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Компьютерлік желілер. Интернет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.