Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Квадраттық функцияның графигі -

Квадраттық функцияның графигі

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1581 | Размер: | Автор: Нартай4540
Сабақ тақырыбы: Квадраттық функцияның графигі
Сабақ мақсаты: 1. Квадраттық функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;
3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақ түрі: бекіту
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ құралдары: интерактивті тақта, плакат, карточкалар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардң сабаққа даярлығын тексеру, топ құрып, ережесін бекіту.
ІІ. Теориялық материалды қайталау. (1-презентация)
1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
1) y=3x^2-6 4) y=4x
2) y=7x-1 5) y=x^3+x+1
3) y=-〖3x〗^2-x+6 6) y=2/3 x^2-1
3. y=ax^2, y=ax^2+n, y=a(x-m)^2
функциялардағы a коэффициенті нені білдіреді?
4. y=ax^2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
5. y=a(x-m)^2 функциясының графигін қалай салуға болады?
6. y=a(x-m)^2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
ІІІ. Эстафета ойыны. (2-презентация) Әр топ оқушылары интерактивті тақтадағы формуласымен берілген квадраттық функцияны графигімен сәйкестендіреді.
IV. Жұптық жұмыс: 1-жұп тапсырмасы: y=x^2+4x+9
2-жұп тапсырмасы: y=-x^2-4x-9
3-жұп тапсырмасы: y=4x^2+4x-3
4-жұп тапсырмасы: y=-4x^2-4x+3
5-жұп тапсырмасы: y=5x^2-2x-3
6-жұп тапсырмасы: y=-5x^2+2x+3
7-жұп тапсырмасы: y=x^2+2x+5

V. Топтық жұмыс. Берілген тапсырманы топпен орындап, функцияның графигін салу жолын баяндап береді.
1-топ тапсырмасы: а) y=|x^2-5x+6| ә) y=x^2-5|x|+6
б) y=|(x^2-|5x|+6)|
2-топ тапсырмасы: а) y=|1/2 x^2-2x+1| ә) y=1/2 x^2-2|x|+1
б) y=|(1/2 x^2-2|x|+1)|
3-топ тапсырмасы: а) y=|2x^2-3x-2| ә) y=2x^2-3|x|-2
б) y=|(2x^2-3|x|-2)|
VI. Үйге: №
VIІ. Қорытынды. Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.