Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Логика-математикалық логика, формальдау  пәні. Сөйлем алгебрасы. Қарапайым және күрделi сөйлемдер. -

Логика-математикалық логика, формальдау пәні. Сөйлем алгебрасы. Қарапайым және күрделi сөйлемдер.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4527 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Логика-математикалық логика, формальдау пәні. Сөйлем алгебрасы. Қарапайым және күрделi сөйлемдер.
Мақсат: Оқушылардың логикалық пікірлердің негізгі түсініктері туралы білімдерін қалыптастыру. Сөйлем алгебрасымен және сөйлем түрлерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды логика негіздерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген ынтызарлығын, танымдық қасиеттерін тәрбиелеу
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
2) Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
3) Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
4) Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
5) Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
6) Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
3) Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.
Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формальды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т.б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Математикалық логиканың саласы пікірлералгебрасы ретінде, информатикада жақсы меңгерілген. Оны басқаша, логика алгебрасы деп атайды, оны алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды.
Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтін бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.
Адамдар ақпарат алмасқандағы қатынас түрлерінің бірі – бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршаған зат әлемі туралы мағлұматтарды білу қажеттігін білдіреді. Бұл білімді біз пайымдау түрінде айтамыз.
Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «3 + 3 <7».
Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, «Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр».
Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе-теңдік ақиқат деп аталады.
Тепе-теңдік ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?
3. Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
4. Логика дегеніміз не?
5. Логика түрлері?

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға логика негіздері туралы жалпы мағлұмат беру.

7. Үйге тапсырма § 3.1, бет. 28-31
Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.