Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәліметтер қоры түсінігі. Ақпаратты кестелік түрде өрнектеу. Мәліметтер жазу және алаң түсінігі. -

Мәліметтер қоры түсінігі. Ақпаратты кестелік түрде өрнектеу. Мәліметтер жазу және алаң түсінігі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4411 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Мәліметтер қоры түсінігі. Ақпаратты кестелік түрде өрнектеу. Мәліметтер жазу және алаң түсінігі.
Мақсат: Оқушылардың кестелік процессорлардағы мәліметтер қоры туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарын таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды мәліметтер қоры ұғымымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?
2. Электрондық кестемен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері қандай?
3. Кестеге формула енгізу жолдары?
4. Формулаларды көшіру әдістері?
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Мәліметтер базасы - қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылағн мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.
Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәлметтер базасына қаладағы дәріханалардың дәрілер жайында, тұтынушының сұрауы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайындағы мәліметтер жатады. Мәліметтер базасының бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу, қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу.
Мәліметтер базасы – белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Excel –дің көмегімен мәліметтер базасын жасауға және редакциялауға болады.
Бұл жағдайда электронды кестеге Excel-дегі тізім немесе мәліметтер базасы және мынадай термин сөздер қолданылады:
- тізімнің жолы- мәліметтер базасының жазылуы
- тізімнің баған – мәліметтер базасының өрісі
бағанның аты бір ғана ұяшықта болуы мүмкін және кестемен жұмыс барысында өріс атымен аталады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?
2. Мәліметтер базасының өрісі және мәліметтер базасын жасау дегенімі не?
3. МБ құруда қандай шектеулер бар?
4. МБ қандай жаңа терминдер қолданылады?
Тапсырма.
Мәліметтер базасын құру.
1. «Күн жүйесінің планеталары» деген мәліметтер базасын құрыңдар.
2. «Период», «Диаметр», «Масса», «Планета серігі» ұяшықтары үшін сандық формат қойыңыз.
3. Бірінші жазуды енгізіңіз. Екінші жазудан бастап, Берілгендер – Пішін командасын қолданып, кестені толтырыңыз. Команданы қолданар алдында кестедегі бірінші жазуды және іргелес жатқан жолдың басын белгілеңіз.
4. Мәліметтер базасын жұмыс дискіңізге сақтап қойыңыз.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 9.1, бет. 114-115
Excel –дегі мәліметтер базасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.