Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәліметтер қорын құру және редактрлеу. -

Мәліметтер қорын құру және редактрлеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Мәліметтер қорын құру және редакторлеу.
Мақсат: Оқушылардың кестелік процессорлардағы мәліметтер қорын құру және оны редакторлеу туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда МБ –мен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды мәліметтер қорын құру және редакторлеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. МБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
2. МБ –сын жобалаудың міндеттері қандай?
3. МБ-да ақпараттарды іздеу қалай жүзеге асырылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Егер мәліметтер базасы жеке бетке орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады. Егер бірнеше мәліметтер МБ бір бетте орналастыратын болсақ, онда бұдан былай бұл мәліметтер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады, өткені нақты МБ үшін ұяшықтар ауқымын әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.
Мәліметтер қорын толтыру және редакторлеу кәдімгі электрондық кестені толтырумен ұқсас.
Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып табылады. Excel –де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. Excel-ді бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. МБ-дағы жазуларды Excel-дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрстеу қажет.
Мәліметтерді реттеу үшін:
- кестенің бір ұяшығын белгілеу
- Мәліметтер – Реттеу командасын орындау
- Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.
Реттеуі бойынша өрісінің тізімінен, мәліметтері реттелетін өріс және реттеудің типі таңдалады.
По возрастанию – сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі
По убыванию – кері реттеледі.


Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Excel-дегі МБ реттеу қалай орындалады?
2. МБ құру кезеңдері қандай?
3. МБ редакторлеу қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма.
МБ құрып, оны толтырыңдар. МБ –да мәліметтерді реттеңдер.
1. Excel – ді ашыңдар.
2. «Күн жүйесі» құжатын ашыңдар.
3.«Планета» бағанын алфавит бойынша реттеуді орындаңдар. Реттелген нәтижені 2 параққа көшіріңдер
4.Арақашықтық бағанын кему реті бойынша реттеңдер. Реттеу нәтижесін 3-параққа көшіріңдер.
5. 2-параққа Реттеу деп өзгертіңдер.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға МБ – н құру және оны редакторлеу туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 9.3, бет. 117-119
МБ енгізу және редакциялау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.