Меню
Назад » » »
Мәліметтерді енгізу және шығару
загрузка...

загрузка...
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару
Мақсаты:
Оқушыларға енгізу және шығару операторлар ұғымымен таныстырып, есеп шешу арқылы білімдерін қалыптастыру;
Арифметикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Жеке жұмыстана білуге, ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)
• Мазмұндарын сұрау, үйге берілген есептерін сұрау.
есеп-1: Дөңгелек ауданын табу программасын құр.
Жауабы:
const p=3.14;
var s,r: real;
begin
readln®;
s:= p*sqr®;
writeln(s);
end.
ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
ПС. Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскаль-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?
Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin – end деген операторлық жақшалардың арасына жазылатынын біз білеміз. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылатынын тағыда білеміз. Енді паскаль тілінде енгізу және шығару оператоорларына тоқталып өтейік. Ол үшін мына кестеге назар аударайық:
Операторлар Жол пішіні Қолданылуы және пайдалануы
{ } { Түсініктеме } Түсініктеме операторы
Read (оқу) Read (айнымалылар тізімі); Пернетақтадан деректерді енгізу операторы. Мысалы Read (a,b); - екі санның енгізілуін сұрайды.
Readln Readln (айнымалылар тізімі); Деректер енгізілгеннен соң, меңзер жаңа жолға ауысады. Бос орын енгізу операторы – меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады.
Айнымалының аты := өрнек Айнымалының аты := өрнек шығару Меншшіктеу операторы <<:=>> белгісі <<меншіктеу>> деп оқылады. Мысалы: a:=a+1;
Write (жазу) Write (параметрлер тізімі) немесе write (‘көмекші сөз’, параметрлер тізімі); Деректерді экран дисплейіне шығару операторы. Тізім элементтеріне айнымалылар, сандар, мәтіндер жатады. Мысалы: а) Write (‘’, ‘x=’, x); ә) Write (‘x=’, x:6:2); - санды бекітілген нүкте түрінде шығару.
Writeln Writeln;
writeln(шығару тізімі); Бос шығару операторы – меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады. Басудан кейін меңзерді жаңа жолға көшіру.
Мысалы: ауданды есептеу программасы
Program_Audan; a b c p S
Var a, b, c, p, S: real;
Begin
Readln (a, b, c);
p:= (a+b+c)/2;
s:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
writeln (‘S=’, S: 6: 2);
end.
IV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)
1-есеп:
Үш ыдыста су құйылған. Бірінші ыдыстағы V1 л судың температурасы t1 , екіншідегі V2 л судың температурасы t2 , үшіншідегі V3 л судың температурасы t3. Суларды бір ыдысқа құйды. Бір ыдысқа құйылған барлық судың жалпы көлемін және орташа температурасын анықтайтын программа құрыңдар. (Температураны мына формуламен T = (t1+t2+t3)/3 табуға болады)
Program esep_1;
Var V1, V2, V3, V, T, t1, t2, t3:real;
Readln (V1, V2, V3, t1, t2, t3);
V:=V1+V2+V3; {жалпы көлем }
T:=(t1+t2+t3)/3; {орташа температура}
writeln(V,T);
readln;
end.
2. Ауызша № 2 және № 5 тапсырма.
V. Үйге (3мин)
§8
ҮІ. Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мәліметтерді енгізу және шығару можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 404 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar