Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәтінге графиктік объектілерді және графиктік объектілерді мәтінді қою. -

Мәтінге графиктік объектілерді және графиктік объектілерді мәтінді қою.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2685 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Мәтінге графиктік объектілерді және графиктік объектілерді мәтінді қою.
Мақсат: Оқушылардың WordPad құжаттарына графиктік суреттерді кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды мәтінге графикалық объектілер кірістіру тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Мәтінді пішімдеу деген не?
2) Құжатты басып шығару?
3) Қаріпті пішімдеу қалай жүзеге асырылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad құжатында қалай ұйымдастыруға болады:

WordPad құжатына суреттерді кірістіру.
WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
2. Суретті белгілеңдер.
3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

Сергіту жаттығуы.

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма 1. Келесі мәтінді теріп оған сурет кірістіріңдер.
Компьютер деген не
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.
1642-жылы Блез Паскаль сандарды қосуды механикалық түрде орындайтын құрылғыны ойлап тапты, ал 1673-жылы Готфрид Вильгельм Лейбниц төрт амалды механикалық түрде орындауға мүмкіндік беретін арифмометрді құрастырды. XIX-ғасырдан бастап арифмометр өте кең қолданыс тапты. Онда тіпті өте күрделі есеп-қисапты орындады, мысалы артиллериялық атыстарға арналған баллистикалық есептеулер. Жылдам және белгілі бір нұсқаулар тізбегін дәл сақтап (мұндай нұсқаулар тізбегі ақыр соңында бағдарлама деп аталды) арифмометрде жұмыс істейтін адам – есептегіш – арнайы кәсіп бар болды. Бірақ көптеген есептеулер өте баяу жүргізілді – тіпті ондаған есептегіштер бірнеше апта және айлап жұмыс істеуге тиіс болды. Себебі қарапайым – мұндай есептеулерде орындалатын әрекеттерді таңдау мен нәтижелерді жазуды адамдар жүргізді, ал оның жұмыс істеу жылдамдығы айтарлықтай шектеулі.
XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы – адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған «қоймасы» ( қазіргі терминологияда – жад) бар болуы тиіс еді.

Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Алмасу буферінен суретті құжатқа қою үшін қандай команда орындаймыз?
2 Мәтінді іздеу әрекеттерінің тізімі?
3 Мәтінді ауыстыру әрекеттерінің тізімі?
4 Құжатқа күн мен уақытты кірістіру қалай орындалады?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad – та құжаттарына суреттерді кірістіру туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 5.2, бет. 175-179
WordPad құжатына суреттерді кірістіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.