Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi -

Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1748 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының мәзірімен, құралдар тақтасымен таныстыру. Мәтінді теру ережелерін ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1 Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2 Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Тест алу
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
1 тақырып жолы
2 меню жолы
3 құрал-саймандар тақтасы
4 пішімдеу тақтасы
5 сызғыш
6 жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.



Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
a. WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
b. WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
c. WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
d. WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
e. Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
f. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 146-149
WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.