Меню
Назад » » »
Мамандық таңдауым –маңызды мәселе
загрузка...

загрузка...
Қопа орта мектебі
Тақырыбы :
«Мамандық таңдауым –маңызды мәселе»

2014 оқу жылы

1 жүргізуші:
- Армысыздар ұстаздар, оқушылар және студенттер. Бүгінгі 11 класс оқушыларының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – маңызды мәселе» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:
Алуан-алуан кәсіп бар,
Таңдай біл де талап қыл- дегендей бүгінгі кешімізге мектеп бітіріп кеткен оқушылар, қазіргі таңда студенттер және мектебіміздің өз мамандығын терең игерген, жақсы білетін, үлгілі ұстаздар қонаққа келіп отыр.
1 жүргізуші:
Кешіміздің алғы сөзін мектебіміздің директоры Бакиев Жоламан ағайға ұсынайық.
2 жүргізуші:
Иә, әр адамның өмірде өз орны бар. Сондықтан таңдаған мамандықтарының шебер маманы болу үшін, өз жүрегімен қалаған істі істеу әркімге де бақыт әкелетіні рас.
1 жүргізуші:
Олай болса кешіміздің алғашқы өнерімен таң қалдыратын 11 класс оқушысы Тұранова Алисаны «Зимний сон» әнімен ортаға шақырайық. Қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші:
Мамандық дегеніміз – кәсіптің түрлері. Адам өз өмірінің ең негізгі бөлігін қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандық таңдағанына тікелей байланысты. Мамандық таңдау - жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтың өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұр.
1 жүргізуші:
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан білектің арқасында биік белестерге жетеді».деген екен
2 жүргізуші.
Әлемде 40 мыңға жуық мамандықтар бар екен. Дәрігер маманы, электрик маманы, ұстаздық маман, ветеренар маманы, археолог маманы, бухгалтер маманы, аудармашы маманы тб көптеген мамандықтар бар. Ұлболсын сен қандай маман иесі болғың келеді?
1 жүргізуші:
Мен ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- болғым келеді.
2 жүргізуші:
Ал сен қандай маман иесі боғың келеді? Мен --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1 жүргізуші:
Сен білесің бе мамандықтар әлемінде көптеген қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандықтар бар. Ол қандай мамандықтар екенін атап өтейік. Олар:
Аниматор- Суретке жан бітіруші
2 жүргізуші: Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды орналастыра білетін мамандар.
1 жүргізуші: Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.театр түсірілімдеріне арнайы сурет, жарықтандыру тб жұмыстарды жүргізушілер.
2 жүргізуші: Интерьер дизайнерлері- үйіміздегі, кеңселеріміздегі жиһаздарды талғаммен орналастыра білетін мамандар.
1 жүргізуші:
Ендеше бүгінгі кешімізге келіп отырған қонақтарымызға яғни ұстаздарымызға сөз берейік. Ол кісілер мамандықтары туралы бірер сөз айтып өтсе.
/ұстаздарға сұрақтар қою/
Жеңісбек ағайға- Сіз мамандығыңызды өз жүрек қалауыңызбен таңдадыңыз ба?
2 жүргізуші:
Жоламан ағайға- Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінген кездеріңіз болды ма?
1 жүргізуші:
Айғаным апайға- Мамандық таңдауда қиналған кездеріңіз болды ма?
2 жүргізуші:
Ғайни апайға- Қазіргі заманда қандай мамандықтар таңдаған дұрыс деп ойлайсыз?
Нұрпейіс ағайдан - қонақ кәде сұралады

1 жүргізуші: Ойын ойнатылады.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтып өткендей, биыл біздің мектебімізді 11 түлек бітіріп, болашақта өмірден өз орындарын , қалаған мамандықтарын таңдағалы отыр. /Оқушыларға сұрақтар/
1. Егер сіздің таңдаған мамандығыңызға балыңыз жетпесе, мамандықты қайта өзгертесіз бе? Әлде келесі жылы қайта тапсырасыз ба?
2. Өз шамаңызды білсеңізде ата-ананың айтқаны бойынша ҰБТ ға қатысқалы отырғандар бар ма?
3. Мамандық таңдау кезінде өз еркіңізбен таңдайсыз ба, алде ата-ананың және ұстаздарыңның ақылын ескересіз бе?
2 жүргізуші:
Жарайды ендеше кезекті 11 класс оқушыларына берейік.
-Шәмшінің әні
1 жүргізуші: / ойын ойнатылады/

2 жүргізуші:
«Қай істің өнуіне болсын үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар әуезов айтқандай келесі сөз кезегін бұрынғы мектеп түлектері , қазіргі студенттер, болашақ маман иелеріне берейік.
2 жүргізуші:
Студенттерге сұрақ.
1. мамандық таңдау кезінде кеңес беріп, қолдау көрсеткендер болды ма?
2. осы кезде алып жатқан мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма, ұнамаса, кейін ұнап кетеді деп ойлайсыз ба? Мейіргүлге
3. қазіргі таңдаған мамандығыңызды меңгеруде қандай қиындықтар болды және қалай дайындалған тиімді? Мейрамгүлге
4. ең алғаш оқу орнына барған кезде,сіз курстастарыңызбен және жоғарғы курс студенттерімен тез тіл табысып кеттіңіз бе? әлде қиындықтар туындады ма?
5. Айварға. Ситуациялық сұрақ: мен хирургпын
Шарты: Ауруханады 5 емделуші бар. Олар:
І. Бес айлық нәресте
ІІ. Алты жасар дарынды бала
ІІІ. Көп балалы ана /10 баласы бар, 70 тегі ана/
ІҮ. қаңғыбас
Ү. құрылысшы
Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.
6. ҰБТ ға дайындық кезінде қандай қиындықтар туындады?
7. ҰБТ ға барған тиімді ме, әлде «Жол картасымен» колледжге тапсырған тиімді ме?
8. ҰБТ ға бармай неліктен колледжге баруды ұйғардыңыз? Осы тиімді ме? Өкінген кездеріңіз жоқ па? Еділхан
9. сіз оқуыңызды бітірген соң қалалық жерде жұмыс істегіңіз келе ме,әлде ауылдық жерде ме? Айсауле

9. студенттерден қонақ кәде сұраймыз Мерген ән айтады

1 жүргізуші: /Ойын ойнатылады/.
2 жүргізуші: Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл
Ақ жолдан таймай
Ар сақта оны біл
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл пұл- деп Шәкәрім атамыз айтқандай келесі кезекті 11 класс оқушысы Тұранова Алисаны «Часики» әнімен ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші: келесі кезекте ойын ойнатылады.
Ойын «Ең-ең...?» деп аталады. Әр адамға парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
- ең жасыл мамандықтар /эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші/
- ең ақшалы мамандықтар /банк қызметкерлері/
- ең таза мамандықтар //
- ең көңілді мамандықтар /клоундар, парадистер/
- ең тәтті мамандықтар / аспаз,торт пісіруші, тәтті шығарушы/
- ең салмақты мамандықтар /мұғалім, заңгер/
- ең жауапты мамандықтар / сот ,бухгалтер /
2-3 мин ішінде мамандықтардың тізімін құру керек және әр адам тізімдерімен таныстырып шығады.
2 жүргізуші:
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз айтқандай, еңбек ет, талаптан, еліңе адал бол, халқына қамқор бол демекпіз.
1 жүргізуші:
Ортаға өзінің өнерімен таң қалдыратын 10 класс оқушысы Бақтығали Әсемгүлді
« Қыз жібек » әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші:
Жастықта еңбек ету қандай қызық,
Қуаныш билемей ме бойды кернеп?
Қызықты тұрмысымды етем десең,
Аянбай маңдай термен істе қызмет- дей келе ортаға 10 класс оқушыларының биін тамашалайық.
1 жүргізуші:
Құрметті оқушылар мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Бүгінгі осы кешке қатысып отырған қонақтарға, оқушыларға, студенттерге өмірден таңдаған мамандықтарыңыздың жемісін көріп, игіліктеріңізге пайдалана беріңіздер демекпіз.
2 жүргізуші: Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну- үлкен бақыт. Мамандықтарыңыз ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауына , бақытты болуларыңызға тілектеспіз.
1 жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, студенттер, оқушылар осымен бүгінгі «Мамандық таңдау- маңызды мәселе » атты кешімізді аяқтаймыз. Көп-көп рахмет. Сау саламматта болыңыздар.

Ең жасыл мамандықтар

Ең ақшалы мамандықтар

Ең таза мамандықтар

Ең көңілді мамандықтар

Ең тәтті мамандықтар

Ең салмақты мамандықтар


Ең жауапты мамандықтар Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мамандық таңдауым –маңызды мәселе можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 392 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar