Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк. -

Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2566 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.
Мақсат: Оқушыларды Паскаль тіліндегі массив ұғымымен таныстыру. Оларды программа құруда қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды массивтермен жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады?
2) Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады?
3) Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
4) Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амал қолданылады?
5) Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Жиым-бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.
Жиымды сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type <тип аты> = array[<индекс типі>] of <элемент типі>;
var <идентификатор, ...> : <тип аты>;
мұндағы array (жиым),of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;
[<индекс типі>]-real,integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; <элемент типі> - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Жиым элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Жиым типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:
var <идентификатор,…>:array [< индекс типі>] of
[< элемент типі>];

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тіліндежиымдар қалай сипатталады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Тапсырма № 1:
13 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.
PROGRAM ORTA;
Var
X:array [1..13] of integer;
I:integer;
S:real;
Begin
S:=0;
Writeln(‘бос орын арқылы 13 сан енгізіңдер:’);
For i:=1 to 13 do
Begin
Read(x[i]);
S:=s=x[i];
End;
S:=s/13;
Writeln(‘s=’,s:8:4);
End.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға массив туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Массивтер (жиымдар). Бір өлшемді массивтер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.