Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
«Математик болғың келе ме?» -

«Математик болғың келе ме?»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1215 | Размер: | Автор: Нартай4540
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс жұмыс.

«Математик болғың
келе ме?» ойыны

6 - сынып


Математика пәнінің мұғалімі: Нүсіпалиева Р.К.

2012-2013 оқу жылы

Белбасар ауылы


«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ»
атты математика пәні апталығы аясында өткізілген
«Математикалық болғың келе ме?» ойынының

ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Математик болғың келе ме?»

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу, құзыреттілікке бейімдеу, лидер болуға ұмтылдыру, шешім қабылдай білуге үйрету.

Түрі: Ойын

Формасы: Ойын технологиясын және АКТ қолдану арқылы

Көрнекілігі: Слайд.

Құралдар: Интерактивті тақта

Кіріспе:
«Математик болғың келе ме?» ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға залда отырған оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.
.
Ойын ережесі:

1. Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге 1 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.
2. Математик болу үшін берілген 10 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Ұпайлар сұрақ нөміріне сәйкес қосылып отырады. Мысалы 1-сұраққа 1 ұпай, 7- сұраққа 7 ұпай. Ең көп ұпай саны 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55 болады.
3. Ойын барысында 3 көмекті пайдалануға болады:
достың көмегі
50/50
Көрермендер көмегі
4. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.

Ойын барысы:
Экранда слайдтар пайда болады.
Іріктеу сұрақтары арқылы 1 оқушы ойынға шығады. Оқушы 10 сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды. Осы тәртіппен ойын 3 кезеңде өтеді. Ұпай көп жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Бағалау парағы

Ойыншының аты-жөні Сұрақтар Барлық ұпай саны (55 ұпай)
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.




Бағалау парағы

Ойыншының аты-жөні Сұрақтар Барлық ұпай саны (55 ұпай)
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.