Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. -

Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 326 | Просмотров: 1562 | Размер: 23.0 Kb | Автор: Тәрбие
. «Гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебі» ММ Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
Информатика пәні мұғалімі Утенова Нағима Байдуллақызы
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін және стандартты функцияларды программалау тілінде қалай жазу керектігі жайында ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интертақта, оқулық, презентация.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Меншіктеу операторы - жазылғын өрнектің мәнін есептеп, айнымалыға меншіктеу. Жиі қолданыста болатын болатын оператордың бірі.
Жазылу пішімі: <айнымалы атауы> := <өрнек>
Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектерге де қолданылады. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ апострофқа (‘’) алып жазылады. Мысалы: V:=’M’; x:=’15’,
Бұл оператор 2 міндет атқарады:
Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.
Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі.
Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтынын анықтаңдар. Практикалық тапсырма (интертақтаның көмегімен)
Өрнек Түсініктеме
z:=0 Дұрыс
a:=b Дұрыс
a:=b+5 Дұрыс
a=c+1 Қате
-z:=y Қате
2*p+3:=x Қате
–Q:=A+B Қате
x:=a±5 Қате
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Программаларда жиі пайдаланылатын функциялар:
Арифметикалық функциялар. Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады.
Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функция шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға аударады.
Chr(x) – х санын символға аударады.
High(x) – шаманың максимум мәнін береді.
Low(x) – шаманың минумум мәнін береді.
Ord(x) – саналатын типті бүтін типке көшіреді.
Round(x) – нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
Trunс(x) – нақты санның бүтін бөлігін береді.

Арифметикалық функциялар
Математикалық жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
|x| abs(x)
x^2 sqr(x)
√x sqrt(x)
π Pi
[x] int(x)
e^x exp(x)
sinx sin(x)
cosx cos(x)
tgx tan(x) немесе (sin(x)/cos(x))
lnx ln(x)

Мысалы: x=a^3/(√c+9,2) ; жазылуы x≔sqr(a)*a/(sqrt©+9.2);
x=〖(a+b)〗^2/(π-|ab| ); жазылуы x≔sqr(a+b)/(pi-abs(a*b));

III.Сабақты бекіту. Сабағымызды «Лото» ойыны арқылы бекітеміз. (Слайд көрсетіледі)
1. Меншіктеу операторы дегенді қалай түсінесің?
2. Меншіктеу операторының жазылу пішімі?
3. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ ... алып жазылады.
4. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте ... x=√0,5a/(〖tg〗^2 π)
5. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте ...a=〖7,9x〗^3/(√12+sinx)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.