Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді  және макрокоманданы қолдану -

Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2222 | Размер: | Автор: Нартай4540
Ф-ЦМК-21

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

Ашық сабақ жобасы

Тақырып: Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану.
Пән «Информатика»
Мамандық «Аударма ісі»
Курс І, ПД-12-1 тобы

күні 01.02.2013 жыл
орындаған: информатика пәнінің
оқытушысы Зулхадылова Ф.З.

Қарағанды 2013

I. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану.
Сабақтың түрі: аралас,практикалық сабақ
Типі: тарауды қорытындылау
1.Мақсаты
Білімділігі: Электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және ауыстыру әрекеттерін қарастыру. MS Excelдің қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру, көрнекті құжаттар жасау әдістерін меңгерту. Студенттердің тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тақырып бойынша қорытынды жасау.
Дамытушылық: Студенттердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелігі: Студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, өзін-өзі бағалауға ықпал жасау.
II. Күтілетін нәтиже :
студенттер білу керек:
 Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы ұғым;
 Электрондық кестенің архитектурасы;
 Формулалар мен функцияларды қолдану;
 Диаграмма түрлерін;
 Терезе құрылымын;

студенттер игеру керек:
 Электрондық кестеде есептеулер жүргізуді;
 Функцияларды құрастыру;
 Электрондық кестенің құрылымын анықтауды;
 Мәзір қатарын қолдануды;
 Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдануды;

студенттер меңгеру керек:
 Электрондық кестеде гиперсілтеме макрокоанданы қолдануды;
 Программа құралдарын толыққанды пайдалануды;

III.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өзін-өзі бағалау тест

IV. Құралдар: ДК, проектор, флипчарт, үлестірмелі материал

V. Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қажетті оқу-құралдарын қадағалау, сабаққа нұсқау беру. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу.


Үй тапсырмасын тексеру
1. Интербелсенді тақтаны қолдана отырып электрондық кесте архитектурасын қайталау.
2. Тарау бойынша берілген сұрақтарға жауап беру:(сұрақтар видеоматериал ретінде,ағылшын тілінде студенттер қазақ тіліне аударып жауап береді );



Excel программасын мәліметтер қоры ретінде пайдалануға болады. Біз
мәліметтер қорын жасап, оның ішіндегі элементтерінің әртүрлі белгілеріне
қарай керекті ақпаратты іздеу мен оларды сұрыптау ісін қарастырамыз.
Жоспар:
 Мәліметтерді іздеу және ауыстыру, сұрыптау түрлері;
 Гиперссылка, макрокоманда ұғымы
Гиперссылка дегеніміз құжаттың басқа бөлігіне, басқа құжатқа немесе файлға тікелей байланысын жүзеге асыру, белгілі бір объектіге бекітілген жарлық.
Макрокоманда- құжатпен жұмыс істеу барысында жиі қолданылатын
әрекеттер тізбегінен тұратын шағын алгоритм
Мәліметтерді іздеу және ауыстыру. Мәліметтерді іздеу
Мәліметтерді іздеуді беттің ерекшеленген ауданындағы немесе бүкіл бетте жасауға болады.
1. Басты қосымшасының Редактрлеу тобында Табу және ерекшелеу батырмасын шертіп және Табу командасын таңдап, қажет ақпаратпен алмастыру әрекетін орындаймыз


Пішім бойынша сорттау
1. Сортталатын мәліметтерден кез келген ұяшықты ерекшелеңіз.
2. Басты қосымшасының Редактрлеу тобының Сорттау және фильтр батырмасын



Пішім бойынша сорттау
1. Сортталатын мәліметтер ауқымынан кез келген бір ұяшықты таңдаңыз.
2. Басты қосымшасының Редактрлеу тобының Сорттау және Ауыстыру батырмасын басыңыз және Бапталатын сорттау командасын таңдаңыз.
3. Баған тізімінде Сорттау терезесінде сорттау жасалатын баған атын таңдаңыз. Сорттау тізімінде сорттау себебін таңдаңыз (ұяшық түсі, қаріп түсі немесе ұяшық белгішесі).

Сабақты бекіту: Практикалық жұмыс №12
Тақырыбы: Электрондық кесте де деректермен жұмыс жасау
Мақсаты: Деректермен іздеу, ауыстыру, сорттау тәсілдерін дамыту.
Тапсырма№12 Алдыңғы сабақта орындалған кестеде іздеу, ауыстыру, сорттау тәсілдерін қарастырамыз:
 Қызметкерлердің аты жөні графасындағы Есмаганбетова Қ.Ж тауып, Ариланова П.И ауыстырамыз.
 Қызметкерлердің аты жөні графасын А әріпінен Я әріпіне дейін сұрыптау
 Қызметкерлердің аты жөні графасын берілген жалақы көлемі бойынша сұрыпта
 Аспаптар қатарындағы Сортировка и Фильтрацияны қолдану арқылы тізімде Тұрысбекова қалсын.



Қызметкер-лердің
аты-жөні Жалақысы
(Оклад) Жұмыс
күні Есептелгені
Ұсталғаны
Берілетін жалақы көлемі

ЖЗҚ Салық Барлық ұсталғаны
1
...
...
10

Сабақты бекіту: Практикалық жұмыс №13
Тақырыбы: Электрондық кестеде көркем құжаттарды құру
Мақсаты: Гиперсілтеме, макрокоманда тәсілдерін қолдану .
Тапсырма№12
Алдымен пәндер тізімін жасаймыз. Тізімдегі пәннің атын басқанда гиперсілтеме іске қосылып, сол пән тұрған бетке өтеміз. Өткен бетте сол пәннен тест сұрақтары тұрсын. Тестің дұрыс жауабын шерткенде 1 ұпай қосылсын, қате шерткенде 0 қосылады. Сұрақтар біткен соң жалпы ұпай саны көрініп, баға да өздігінен шығып тұратын етейік.
 Әзірге тестімізде 2 сұрақ бар болсын. Әр сұраққа келтірілген үш жауаптың біреуі дұрыс болсын. Excel-де жұмыс істейміз.
 Лист5 бетінде жауаптар талданады, дұрыс жауап саны шығады, үлгерім пайзы, бағалау мәні шығу керек. Информатика бетіне тест жасау мысалын қарастырайық.
 1. Жауап тұсына (В7) айырып-қосқыш кнопкалар қоямыз: вид → панели инструментов → формы → переключатель кнопкасын белгілейміз. Жауап тұсына В7-ұяшығына мауыс сілтемесін апарсақ + таңбасы көрінеді, әдеттегідей кнопка суретін саламыз. Ары қарай осы кнопканы төменгі жауаптар тұсына көшіреміз. Кнопкалар ұяшықтарға тура келмесе басқарушы пернелермен жылжытып туралау дұрыс.
 2. Осы кнопкаға арнап макрокоманда жазамыз. Оны былай жасаймыз: сервис →макросы →начать запись (Зап.макр.сұхбат терезесі ашылады) → ок.
 3. Макросқа жазылатын әрекеттер тізбегін жасап (мауыспен шертіп) шығамыз.
 Листь5 →С3 ұяшығы →0(немесе 1) →enter-ді басамыз→информатика →В12 → enter-ді басамыз.
 Макрокоманда жазылды. Листь5-тегі С3-ке 0 жазған себебімі 1-жауап дұрыс емес.
 4. Жауап тұсындағы кнопканы осы макроспен байланыстырамыз. Ол үшін алдымен кнопка суретін шертіп бөлектеп қоямыз, ары қарай:
 маустың оң жағы →назначить макрос (наз.макр.объекту сұқб.терезе ашылады) макрос1-ді шертеміз →ок.
 Енді маус сілтемесін кнопкаға апарсақ қол белгісі көрінеді. Басып қалсақ Ортасында нүкте пайда болады. Жауап есепке алынды деген сөз. Лист5 беттегі С3 ұяшығына қарасаңыз ол жерде 0 саны тұрады.
 Тура осы әдіспен екінші кнопканы (В8) бөлектеп алып, дұрыс жауап кнопкасы үшін макрокоманда жазып аламыз да, оны да сәйкес кнопкамен, жоғарыда айтылған әдіспен байлыныстырамыз. Листь5-тегі С3-ке 1 жазамыз, себебі 2-жауап дұрыс. Бәрін дұрыс істесеңіз, тексергенде Листь5-тегі С3-ұяшықта 1 саны көрінеді. Қалған жауап кнопкаларына да осы 1 – 4 әрекеттерді қайталаймыз.
 Енді, Листь5 бетіне өтіп жауаптарды талдау амалдарын алгоритмдейміз. Мұнда С бағаны макрокомандалар көмегімен 0 не 1 сандарымен
 толтырыллады. С9-ға С3-С8 аралығындағы сандардың қосындысын шығаратын формула жазамыз.
 С9→ =СУММА(С3:С8) -ұпайлар саны
 C11→ =C9*100/5 -сапа пайзы
 E3 → =физика!A2 –сұрақтар саны «физика» бетінің А2-ұяшығында, тестілеу басталар алдында жазылады.
 C13 → =ЕСЛИ(C11>80;5;ЕСЛИ(C11>50;4;ЕСЛИ(C11>20;3;2))) -баға шығару формуласы.
 A1 → =физика!C3 -тест тапсырушының аты-жөні.
 С3:С8 бағанындағы сандары түсін ақ (фон) түсіпен жазып көрінбейтін етіп қоюға болады.
 Тест сұрақтарының соңына нәтижелерін көру үшін Листь5 бетіне өтетін пернені «формы» панелінен аламып қоямыз. НӘТИЖЕЛЕР деп жазамыз. Осы пернеге жоғарыдай әдіспен макрокоманда жазамыз. Макрокоманда Листь5-ке өту әрекетінен ғана тұрады. Тест дайын. Оның безендіруін, форматтауын әркім өзінше жасай береді.

Сабақты бекіту: Практикалық жұмысты тексеру және тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындайды.
Студенттер білімін бағалау:
Сабақ соңында әр студент өзінің білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны іске асыру бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады.

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Терминдерді қайталау.
Рефлексия.
• Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
• Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
• Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
• Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
• Ұсыныстарыңыз бар ма?
Сабақты қорытындылау.
• Сабақтың мақсатына жеттік пе?
• Не үйрендік?
• Келешекте не үйренгіміз келеді?
Үйге тапсырма беру.
Конспект жазу Г.Ә. Жапарова «Информатика негіздері» , 192-193 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.