Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру -

Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1258 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру
К. Қайнарбаева
Информатика пәнінің мұғалімі
Оқушының өзіне сенімін арттыру, белсенділіктерін қалыптастыру мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сондықтан әр оқушының өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Power Point–та графикалық файлдарды ендіру» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін. Оқушыларға бағдарламасының құрал-саймандарын компьютерде дұрыс пайдаланып жұмыс жасай білуге және командаларды орындай алу қызметін меңгерту. Cабақта белсенділік, шеберлік, білімділік көрсеткен оқушы «Үздік дизайнер» лауазымын беріп, oқушылардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділігін арттырады. Сабақ «Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру» презентация бойынша түсіндіріледі. Өмірмен байланыс ретінде Қазақстанның 20 жылдығын кірістірдім.
Тақырыбы: Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Microsoft Power Point бағдарламасының
құрал-саймандарын компьютерде дұрыс пайдаланып жұмыс жасай білуге және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.

Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға
және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Графикалық ендіру жұмыстарын орындау арқылы
бейнелік ойлау қабілеттерін дамыту.

Типі: Білім, іскерлік, дағдыны жетілдіру.
Әдісі: сұрақ, жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, өмірмен байланыс, қазақ әдебиеті
Түрі: көрнекі-практикалық
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, парақша, суреттер
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың құралдарын тексеру;
2) сабаққа назарын аударту;
3) Оқушыларды түгендеу;
4) Қауіпсіздік ережелеріне дәптеріне қол қойдырту;
5) Сабақтың жүру барысын түсіндіру;
6) Тапсырмалар бойынша ұпай көп жинаған оқушы «Үздік дизайнер» атағы беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Ойланайық.

Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан алады.
1. Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
2. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?
3. Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда:
4. Microsoft Power Point бағдарламасында мәліметтерді көрсетудің қандай режиміндері бар?
5. Microsoft Power Point бағдарламасында демонстрация файлдарының кеңеймелері қандай болады?
6. Microsoft Power Point бағдарламасының меню жолына ... мыналар жатады?
7. Microsoft Power Point бағдарламасының терезе элементтері неден тұрады?
8. Ойды, адамдармен өнімдерді , шикізат қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым ...
9. Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
10.Слайд дегеніміз-

ІІ. Жұмбақтас. Ребус шешу.

Сұрағы:Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі объект не деп аталады?
Жауабы: Слайд.
ІІІ. Ұғайық. Жаңа сабақ материалдарын меңгеру.
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Графикалық файлдарды ендіру.

(Тақтаға күн жадын, тақырыбын жазу). Түсіндіру.
ІV. Жазайық. Дәптермен жұмыс.
1. Слайдтың жұмыс аумағындағы тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
2. Фон менюі пунктін таңдаңыз.
3. Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.
4. Способы заливки таңдаңыз.
5. Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын таңданыңыз.
6. Способы заливки терезесін төменгі бөлігінде рисунок пунктін таңдаңыз.
V. «Сен білесің бе?». Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар. Сұрақтың арғы жақ бетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығының эмблемасы шығады. (тәуелсіздік туралы мағлұмат беру) Сұраққа дұрыс жауап берсе сол алған ұпайды алады.
-Бұл ненің эмблемасы?
Алда бізде қандай мейрам келе жатыр?
-Біз нені тойлайын деп жатырмыз?
-Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл. Қай күні? 16 желтоқсан
Н.Назарбаев: “Тәуелсіздік-бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті” – сондықтан ұлтымызды қадірлей білейік.

VІ.Орындайық. Практикалық жұмыс.
Барлығыңа бірдей тапсырма. Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жылдыққа байланысты әдемі құттықтау слайд бетін бүгінгі өткен тақырып бойынша суреттер кірістіре отырып, үйге берілген Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жылдыққа байланысты шығаршылық жұмыстарыңды, өлеңде жолдарын кірістіріп жасаңдар. Уақыт 10 мин.
Ұпай 20 ұпайдан төмен қарай.
VІІ. Сөзжұмбақ. Презентация . Әр жауапқа 2 ұпайдан
VІІІ. Топтастыру. 2ұпай есептеледі. Тақтаға жаздырту.
Power Point – та қандай жұмыстар жасауға болады?

ІХ. Қорытындылау. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. 2 ұпаймен есептеледі.


VІІІ. Бағалау. «Үздік дизайнерді» анықтау, мадақтау.

ІХ. Үйге тапсырма
§ 1.6.6. Графикалық файлдарды ендіру. (Оқып, түсінігін айту)
Мәнжазба дайындап, қорғау.

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.