Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Модельдер және модельдеу түсінігі. Модельді анықтау. -

Модельдер және модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4243 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Модельдер және модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.
Мақсат: Оқушыларды модель түсінігімен таныстыру. Модельді анықтау жолдарын үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды модельдермен және модель түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ игеру
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5мин)
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Модель дегеніміз не?
2. Модельдеу деп нені айтады?
3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
4. Модельдеудің мақсаты қандай?
Тапсырма №1.
Күнделікті өмірден және қоршаған ортадан модельдерге мысал келтір. Кемінде 3 мысал.

5)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды модель түсінігі және оны анықтау жолдарымен таныстыру.

6) Үйге тапсырма
Модельдер және модель түсінігі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.