Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» қорытынды, -

«MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» қорытынды,

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3098 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шығыс Қазақстан Обылысы Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы, «К. Шакенов атындағы орта мектебі» КММ. Информатика пән мұғалімі Адебиет Еркин.
«Критериалды бағалау жүйесі»

Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: «MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» қорытынды, қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректер базасын өңдеу, деректер базасын сұрыптау, деректерді сүзу.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикалық теориялық сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, оқыту әдістемесі, слайд, электронды тақта, компьютер.
ЖОСПАР
І. Ұйымдастыру
II. Excel бағдарламасын бойынша қайталау тапсырмалар өткен тақырыптарды еске түсіру (А-критерий)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (С-критерий)
IV. Жаңа тақырып «MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» (В-критерий)
V. Жаңа сабақты бекіту деңгеилік тест: (D-критерий)
VІ. Үйге тапсырма беру:
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сабаққа дайынсыңдар ма? Жақсы, отырамыз. Кезекші, сыныптағы оқушы түгел ме?
II. Excel бағдарламасын бойынша қайталау тапсырмалар өткен тақырыптарды еске түсіру (А-критерий) (электрондық оқулықтан тапсырмалар орындайды электрондық тақтада) мысалы:


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (С-критерий)
1. MS Excel-ді ашыңыз.
2. “Күн жүйесі.xls” құжатын ашыңыз.
3. “Планета” бағанын алфабит бойынша реттеуді орындаңыз
4. Арақашықтық бағанын кему реті бойынша реттеңіз. Реттеу нәтижесін
3- параққа (лист 3) көшіріңіз.
5. 2-парақты реттеу деп өзгертіңіз. Ол үшін лист 2 таңбашасын тышқан сілтемесін
қойыңыз; тышқанның оң жақ батырмасы арқылы қосымша мәзірді шақырыңыз
Өзгерту (Переименовать) командасын орындаңыз
IV. Жаңа тақырып «MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» (В-критерий)

Мәліметтерді сүзу
Кез келген мәліметтер базасымен жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.
Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: автосүзгі және кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:
• сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
• мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
• сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
• қажет мәнді таңдаңыз: (Барлығы. Алғашқы 10...)








V. Жаңа сабақты бекіту деңгеилік тест: (D-критерий)
1. Excel бағдарламасында сүзу командасын қосу үшін қандай қадамдарды орындаймыз
a) Мәліметтер-сүзгі-автосүзгі (Данные-фильтр-автофильтр)
b) Кірістіру-сүзгі-автосүзгі (Вставка-фильтр-автофильтр)
c) Файл-сүзгі-автосүзгі (Файл-фильтр-автофильтр)
d) Пішін-сүзгі-автосүзгі (формат-фильтр-автофильтр)
2. .xls кеңейтілімі бар құжат, қай программаның көмегімен құрылған
a) MS Word
b) MS Access
c) MS Power Point
d) MS Excel
3. MS Excel -бағдарламасы не үшін қолданылады
a) кестелерді өңдеу үшін
b) мәтінді өңдеу үшін
c) тығыздатылған файлды құру үшін
d) вирусты тексеру үшін
4. MS Excel бағдарламасы
a) мәтіндік редактор
b) графикалық редактор
c) кестелік процессор
d) операциялық жүйе
5. Электрондық кестеде мынадай түсінік бар
a) Ұяшық
b) Алаң
c) Идентификатор
d) Кілт
6. Excel бағдарламасындағы соңғы әрекетті қандай пернелер қисынының көмегімен болдырмауға болады?
a) +
b) +
c) +
d) +
7. Еxcel бағдарламасында сұрыптауды орындау үшін қандай мәзір жолынан бастаймыз
a) Пішін-сұрыптау (Формат-сортировка)
b) Кірістіру-сұрыптау (Вставка-сортировка)
c) Мәліметтер-сұрыптау (Формат-сортировка)
d) Файл-сұрыптау (Файл-сортировка)
8. Excel бағдарламасында қою пернесі?
a) ctrl+n
b) ctrl+v
c) ctrl+c
d) ctrl+x
9. Excel бағдарламасында қиып алу пернесі?
a) ctrl+x
b) ctrl+c
c) ctrl+g
d) ctrl+p
10. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ......... белгіленеді.
a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан
b) латын әліпбиі әріптерімен
c) орыс әліпбиі әріптерімен
d) сандармен номерленіп

1. Мәліметтерді сүзу не үшін керек?
VІ. Үйге тапсырма беру: Бақылау сұрақтары 1. 119 бет
Практикум 3. тапсырма 119 бет


ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.