Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Музыкалық редактор түсiнiгi, мәнi және оны жiберу -

Музыкалық редактор түсiнiгi, мәнi және оны жiберу

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1953 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Музыкалық редактор түсiнiгi, мәнi және оны жiберу.
Мақсат: Оқушылардың музыкалық редакторы түсінігі туралы білімдерін қалыптастыру. Музыкалық редактормен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды музыкалық редакторлармен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Редакциялау дегеніміз не:
2) Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?
3) Тасымалдауды орындау қалай жүзеге асырылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Мультимедиа – бұл бір уақытта мәтіндік, графикалық, дыбыс, бейне, әуен және анимация қолданатын компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Мульти деген – көп, медиа – бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы атауы. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрастырылған. Мульитмедианы қолдану үшін компьютерде қосымша аппараттық құралдар болуы қажет: дыбыс картасы және CD-ROM, микрофон, колонкалар, наушниктер.
Лазерлік ойнатқыш программасы CD-ROM – ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Іске қосу үшін:
Пуск – Программы – Стандартные – Мультимедиа – Лазерный проигрыватель
Лазерлік ойнатқыш программасы жұмысын тотқанша ойнайтын режимін қоюға болады.
Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әнннен екінші әнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.
Лазерлік ойнатқыш, Әмбебап ойнатқыш және Фонограф программаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Ол үшін тапсырмалар тақтасында Громкость түрінде бейнеленгенбелгішені шертеміз. Сонда дауыс қаттылығын реттеуші шығады. Онда тышқан нұсқағышымен сәйкесінше түзетулер жүргізуге болады.
Әмбебап ойнатқыш мультимедиа файлын іске қоса алады, яғни, лазерлік ойнатқыш дыбыс компакт-дискілерімен не жаса са, ол да дыбыс және бейнеақпарат көздерімен соны жасайды.
Фонограф программасы кішігірім дыбыстық файлдарды өздеріңнің программаларың мен құжаттарыңда қолдану үшін дискіге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі арқылы жіберуге болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
2 Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
3 Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
4 Мультимедиа дегеніміз не?
Тапсырма.
Дыбыстық файл құру жолын көрсетіңіз.

Өз дауысыңды жаз
Файлда сақта WordPad құжатына қой

1 Фонограф программасын ашу

Файл – Сохранить 1 Фонограф – ты қос
2 Микрофон қосып, Запись
батырмасын басып, сөйле 2 Файл –ды аш
3 Сөйлеп болған соң, Стоп бас 3 Правка- Копировать командасын орында
1 Тыңдап болған соң, Переход в начало
батырмасын бас 4 WordPad программасын аш
5 Воспроизведение батырмасын бас 5 Правка – Вставить командасын орында

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға музыкалық редактормен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Музыкалық редактор түсiнiгi, мәнi және оны жiберу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.