Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қоғам өмiрiндегi ЭЕМ-нiң рөлi: мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, мәдениетте, ғылымда. Компьютер өңделетiн, ақпарат түрлерi. -

Қоғам өмiрiндегi ЭЕМ-нiң рөлi: мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, мәдениетте, ғылымда. Компьютер өңделетiн, ақпарат түрлерi.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1967 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Қоғам өмiрiндегi ЭЕМ-нiң рөлi: мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, мәдениетте, ғылымда. Компьютер өңделетiн, ақпарат түрлерi.
Мақсат: Оқушылардың ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлі жайлы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды ЭЕМ-нің қоғамдағы рөлдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
a. ЭЕМ-нің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
b. Әр кезеңдегі ЭЕМ-нің негізгі элементтерін атап шық?
c. Аналитикалық машина жобасы қай жылы салынды?
3) Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалык, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық.)
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық,сенімділік(анықтық),бағалылык;маңыздылық(актуалдык), айкындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өндеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін корғап, иісті белгілер калдырып кетеді.
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.
Жарғанат караңғыда ұшканда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.
Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.
Ақпарат беру мен өндеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.
Ақпаратты өндеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.
Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты колдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.
Баска сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өндейді және кабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т. б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:
1. Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, жарық, жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;
2. Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.
Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Акпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өндеу құралдарыньң болуын ескереді.
Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл акпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы — бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.
Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.
Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.
Кім ақпарат хабарласа сол акпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты к,абылдап алса, онда ол акпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б. Ал ақпарат тасуьпл: сынып тактасы, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискет, сурет, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындагы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
a. ЭЕМ-нің қоғамдағы рөлі?
b. Компьютерде өңделетін ақпарат түрлері?

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларды ЭЕМ-нің қоғамдағы қолдану рөлі туралы жалпы мағлұмат беру

7. Үйге тапсырма § 2.1, бет. 31-36, жат
Есептеуіш құрылғылар мен машиналар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.