Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Объектілерді көшіру және оны жылжыту. Себет. Себетке объектілерді көшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру -

Объектілерді көшіру және оны жылжыту. Себет. Себетке объектілерді көшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2614 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Объектілерді көшіру және оны жылжыту. Себет. Себетке объектілерді көшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру
Мақсат: Оқушылардың объектілерді көшіру және жылжыту жайлы білімін қалыптастыру және үйрету .
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды объектілерді көшіру, өшіру операцияларымен таныстыру. Себет ұғымын ұғындыру және онымен жұмыс жасауды үйрету
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Файлдар деген не, оны құру тәсілдер ?
2) Бума дегеніміз не және оны құру тәртібі?
3) Жарлықтар, құру тәртібі?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Жарлықты жұмыс үстеліне орын ауыстыру үшін
1. Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашыңдар.
2. Дискіні немесе қапшықты екі рет шертіңдер.
3. Керек элементті — файлды, бағдарламаны, қапшықты, принтерді немесе компьютерді шертіңдер.
4. Файл (Файл) менюіндегі Жарлықты дайындау (Создать ярлык) командасын таңдаңдар.
5. Жұмыс үстелі көрінетін болуы үшін терезенің мөлшерін өзгертіңдер.
6. Жаңа жарлықты жұмыс үстеліне тасыңдар.
Менің компьютерімді ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім (Мои компьютер) таңбашасын екі рет шертіңдер.
• Сондай-ақ объектіні жұмыс үстеліне маустың оң жақ батырмасымен сүйреп тасуға болады, ал содан кейін Жарлықтарды дайындау (Создать ярлыки) командасын таңдауға болады.
• Жарлықтың қасиеттерін өзгерту үшін оны маустың оң жақ батырмасымен шертіңдер де Қасиеттері (Свойства) командасын таңдаңдар.
• Қандайда бір элементтің жарлығын жойған кезде элементтің өзі жойылмайды. Ол бұрын қай жерде тұрса, компьютерде сол жерде сақталады.
Қапшықта жарлық дайындау үшін
1. Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашыңдар.
Егерде Менің құжаттарым «Мои документы» қапшығында немесе оның ішкі қапшықтарында жарлықты орналастыру ұйғарылған қапшық жоқ болса, онда Іздестіру «Поиск» батырмасын басып оны табыңдар. Іздестіру құралын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңдар, Іздестіру (Поиск) командасын таңдаңдар, ал содан кейін Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдаңдар.
2. Жарлық орналастырылатын қапшықты екі рет шертіңдер.
3. Файл меньюіндегі Дайындау (Создать) командасын, ал содан кейін жарлық (ярлык) командасын таңдаңдар.
4. Жарлықты дайындау шеберінің нұсқауын орындаңдар.
• «Мені құжаттарым» қапшығын ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым (Мои документы) таңбашасын екі рет шертіңдер.
• Егерде қапшықтың жарлығын дайындау қажет болса, онда оны маустың оң жақ батырмасымен шертіңдер де жарлықты дайындау (Создать ярлык) командасын таңдаңдар. Нәтижесінде таңдап алынған қапшықтың жарлығы дайындалатын болады. Жарлықты орын ауыстыру үшін оны таңдаңдар да содан кейін жаңа орынға сүйреп тасыңдар.
• Жарлықтар жиі пайдаланылатын бағдарламаны тез іске қосуға немесе файлдар мен қапшықтарды, олар орналасқан жерге қатынамастан, тез ашуға мүмкіндік береді. Қосымша мағлұматтар алу үшін Сондай-ақ қараңдар (См. также) сілтемесін шертіңдер..
Файлдың немесе қапшықтың атауын өзгерту үшін
1. Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашыңдар.
Егерде Менің құжаттарым «Мои документы» қапшығында немесе оның ішкі қапшықтарында атауын өзгерту ұйғарылған файл немесе қапшық жоқ болса, онда Іздестіру «Поиск» батырмасын басып ол файлды немесе қапшықты табыңдар. Іздестіру құралын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңдар, Іздестіру (Поиск) командасын таңдаңдар, ал содан кейін Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдаңдар.
2. Атауы өзгертіліетін файлды немесе қапшықты таңдаңдар.
3. Файлдар мен қапшықтарға арналған типтік міндеттер (Типичные задачи для файлов и папок) тобындағы Осы файлдың атауын өзгерту (Переименовать этот файл) немесе осы қапшықтың атауын өзгерту (Переименовать эту папку) сілтемесін шертіңдер.
4. Жаңа аиау енгізіңдер де ЕНГІЗУ (ВВОД) пернесін басыңдар.
«Мені құжаттарым» қапшығын ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым (Мои документы) таңбашасын екі рет шертіңдер.
• Кейбір бағдарламалар файлдардың ұзын атауын танымайды. Мұндай бағдарламалар үшін файлдың атауының шекті ұзындығы сегіз символды құрайды. Файлдардың атауына кесесі символдарды пайдалану рұқсат етілмейді: \ / : * ? " < > |.
• Сондай-ақ маустың оң жақ батырмасын шертіп және Атауын өзгерту (Переименовать) командасын таңдап та Файл мен қапшықтың атауын өзгертуге болады.
• «Documents және Settings», «Windows» немесе «System32» сияқты қапшықтар жүйесінің атауын өзгертуге болмайды. Олар Windows-тың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажат.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Объектілерді жылжыту тәсілдері?
2. Объектілерді көшіру тәсілдері?
3. Объектілерді қайта атау тәсілдері
4. Объектілерді не үшін себетке көшіреді?
5. Объектілерді себеттен қайта қалпына келтіру тәсілдері?
6. Себетті тазалау операциясықалай ындалады?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға объектілерді көшіру және жылжыту туралы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 3.5, бет. 93-99
Объектілермен жұмыс істеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.