Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе ядросы. -

Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе ядросы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 10312 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе ядросы.
Мақсат: Оқушылардың операциялық жүйе және олардың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Операциялық жүйе ядросы ұғымымен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды операциялық жүйе және олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютер құрылысы ажырата білу дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Талапқа сай таланты да, білімді оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)
1. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?
2. Ақпараттық кеңарна деген не?
3. Процессор қандай қызмет атқарады?
4. Тактілік жиілік деген не?
5. Басқару құрылғысы не істейді?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуе, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, оның операциялық жүйесімен жұмы сістеу болып табылады.
Операциялық жүйелер:
- бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
- бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын
болып бөлінеді.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Көп міндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір адам ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жее өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс компьютерлермен жұмыс істеудің стандартына айналды. Мұнда қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімімен және т.с.с таңдалады.
Қазіргі кезде дербес компьютердің операциялық жүйесінің екі типі кең таралған. Бірінші ипіне MicroSoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NT жатады.
Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл – операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе не үшін қажет?
3. Интерфейс деген не?
4. Операциялық жүйе қалай жіктеледі?
5. Тұйық жұмыс ортасы деген не?
6. Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға операциялық жүйе және олардың түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 6.1, 6.2, 6.3, бет. 61-79
Операциялық жүйе.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.