Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Paint графиктік редакторымен жұмыс. -

Paint графиктік редакторымен жұмыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1470 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Paint графиктік редакторымен жұмыс.
Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторында жұмыс жасау кезеңдері туралы білімін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыру
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру (3-5мин)
1) Ақпаратты дискетке көшіру жолдары?
2) Дискілерді пішімдеу қалай жүзеге асырылады?
3) Ақпарат тасымалдаушы деген не?
4) Дискетке қанша ақпарат сияды?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейшлер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush)- Windows жүйесінің стандарты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі, әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бүл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.
Windows жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>Стандартты =» Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның қүрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермея (жүмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың белгісі айқын түспен ерекшелшеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мүнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісшің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш түр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.
Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбүрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді.
- аэрозоль балонының сыясының ені;
- өшіргіш (ластик) ені;
- бояуыш немесе қылқалам (кисть).
Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбүрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жүмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда Терезе ішеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жүмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бүрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.
Сергіту жаттығулары(2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Paint бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асырылады?
2. Paint бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады?
3. Сурет салу кезеңдері?
4. Редактордың қандай құралдары бар, ата?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға Paint графиктік редакторы туралы және сурет салу кезеңдері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 4.1, бет. 106-109
Paint программасын іске қосу. Сурет салу кезеңдері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.