Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау -

Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2230 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Паскаль программалау тілінен алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды, қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

• Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?
• Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдерді графиктік түрде кескіндеу, ерекшеліктері қандай?
• Блок –схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдердің құрылымына қарай бөлінуін ата
• Қарапайым алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Түйінді сөздерге нелер жатады?
• Транслятор дегеніміз не?
• Меншіктеу командасының құрылымы қандай, ол қалай жазылады?
• Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
• Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
• Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
• Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Идентификатор дегеніміз не?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?
• Жиым дегеніміз не?
• Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
• Көшу операторы не үшін қажет?
• Меншіктеу операторының форматы.
• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
• Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
• Енгізу операторының жалпы форматы қандай?
• Шығару операторының жалпы форматы қандай?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Readln операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?
• Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады? Олар неше топқа бөлінеді?
• Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
• Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
• Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
• Шартты оператордың қандай түрлері бар?
• Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?

Үйге тапсырма: 1- 3 тарауды қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.