Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау  операторы – REPEAT. -

Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы – REPEAT.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2618 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы – REPEAT.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау - REPEAT операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
• Цикл дегеніміз не?
• Қайталау операторларының қанша түрі бар?
* WHILE қандай оператор?
Жаңа материалды түсіндіру
REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
Компьютермен жұмыс
№12 Р=1*2*3 … * N N ! факториалды табу программасын жаз.
Program fakt;
Var I , n , p: integer;
Begin
WriteLn ( ‘ n= ‘);
ReadLn (n) ;
I: = 1;
P:= 1;
Repeat
P:= p*1;
I:= i+1;
Until i>n;
Writeln (p:4);
End.

№13. у =3x+1 x €[1 ; 2 ], h =0,5 өрнегін WHILE, REPEAT операторларын пайдаланып программа құр.

Program y-tabu;
Var x , y : real ;
Begin
X:=-1;
Repeat
Y: = 3*x+1;
WriteLn (‘ y = ‘ , y);
X:=X+0,5;
Until x>2;
End.

№14. x €[1 ; 3 ] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі y= функциясының мәнін тап.

Program esep;
Var x, y: real;
Begin
X:=1;
repeat
y:= sqrt (x+1)-1/x ;
Writeln ( x:3, y:5);
x:=x+0.2;
until x>3
readln;
end.

Сабақты бекіту сұрақтары

• Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
• Цикл дегеніміз не?
• Қайталау операторларының қанша түрі бар?
• REPEAT қандай оператор?
• REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?

Үйге тапсырма: REPEAT операторы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.