Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Пернетақта

Айбарша Әбенова
Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицей

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пернетақтамен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету
Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында тың
материалдармен қамтамасыз ету. Оқушыларға
пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері
туралы толық мағлұматтар беріп білімдерін нығайту,
білік дағдыларын кеңейту

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетін ұлғайту, ұқыптылыққа,
тазалыққа жетелеуді оқушыларға түсіндіру

Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын
кеңейту, жаңа технология элементтерімен
жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойлау
қабілеттерін арттыру, дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Sin kaz-1,1 модуль электрондық оқулығы, кеспе қағаздар,
бағалау парағы

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Практикум элементі бар түсіндірмелі- көрнекілікті

Пән аралық байланыс: Еңбекті қорғау

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары: Компьютер, интерактивті тақта
проектр, пернетақта,тышқан

Программалық дидактикалық
қ а м т ы л у ы : Оқу ЕТ кабинеті, электронды оқулық, жұмыс дәптері.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»
2. Жаңа сабақты түсіндіру “Ой тастау”

Пернетақта 4 бөліктен тұрады.
1. Әріптік сандық бөлік
2. Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
3. Жетек пернелері Ғ1-Ғ12
4. Сандық бөлік - Num Lock

Кмопьютердегі экран пернетақтасын ашып, жұмыс жасау үшін:
Пуск --- Все программы --- Стандартные --- Специальное возможности---
---- Экранная клавиатура



Қосымша пернелер:
Alt
Ctrl Басқарушы перне
Shift
Esc- пернетақтада болдырмау әмірін растайтын перне
Tab- мәтінді оңға, ортаға, шеткері жылжытады және кестеге кестелер
қосуға, меңзерді ұяшықтан ұяшыққа ауыстыратын перне

Caps Lock - әріптерді бас әріптермен жазатын перне
Num Lock – сандық әріптерді түсіреді.

Enter - пернетақтада енгізу әмірін растайтын батырма, жаңа парақ ашуға
көмектесеті. Мәтінді жаңа жолдан бастайды.
Home- Жүгіргіні ағымдағы жолдың басына апаратын перне
End- Жүгіргіні ағымдағы жолдың соңына апарады.
Ctrl Home - Жүгіргіні ағымдағы парақтың басына апарады.
Ctrl End - Жүгіргіні ағымдағы парақтың соңына апарады

Backspace пернесі – Жүгіргінің сол жағында тұрған символдарды жояды.
Delete пернесі - Жүгіргінің оң жағындағы символды жояды.

Пернелердің қызметтері:
Бос орын (пробел) - пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы
жоқ бұл перне- сөздер арасында бос орын
қалдыру үшін қолданылады.
Alt F4 – жұмыс терезесін жабу
Alt F5 – ағымдағы терезені кішірейтеді
Alt F10 - ағымдағы терезені үлкейтеді
Ctrl A - ағымдағы терезедегі мәтін ерекшеленеді
Ctrl N – жаңа парақ ашу
Ctrl C – мәтіннің көшірмесін алу
Ctrl V – мәтінді кері қайтару, көшірмені орнына қою
Ctrl P - баспаға шығару бетті шақыру.
Shift – бас әріпті жазу
Shift Alt – тілдерді ауыстыру. Мысалы: орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі.
Shift F12 – ағымдағы құжат сақталынады.
Shift Delete – мәтінді қиын алу
Shift Insert – мәтіннің көшірмесін алу

Shift мәтіндерді толық оңға, солға, жоғары, төмен ерекшелейді

Жаңа сабақты бекіту «Ой жинақтау»
Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң сұрақтар қойылады.

Қорытынды
Оқушы білуі тиіс: Пернетақтадағы қосымша пернелердің атқаратын жұмыстарын

Оқушының меңгеруі тиіс:
Пернетақтаның атқаратын қызметтерімен компьютерге қосымша
жұмыстарын жасауға болатынын , т.б
Оқушыларды өз деңгейінде бағалау

Шәуілдір ауылы
Отырар ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.