Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пернетақтамен танысу. -

Пернетақтамен танысу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2041 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Пернетақтамен танысу.
Мақсат: 1)Оқушылардың пернетақта құрылғысы туралы білімін қалыптастыру; 2) Оқушыларды пернетақта құрылғысымен таныстыру; 3) Пернетақтамен тез теру жылдамдығына үйрену.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды пернетақтамен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін білімін дамыту. Компьютердің басқада құрылғыларымен жұмыс жасай білу қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Пернетақтаның қандай блоктары бар?
2) Функционал пернелер дегеніміз не?
3) Символдық ақпарат енгізу үшін қандай пернелер қолданылады?
4) пернесі не үшін арналған?
5) пернесінің қызметі қандай?
6) пернесі қандай қызмет атқарады?
7) пернесі қандай қызмет атқарады?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Пернелер қызметтері:
пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса, онда перенелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал оны тағы бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады.
немесе енгізу пернесі. Бұл – ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.
Команда символдық перенелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютерге сендер пернесін басқаннан кейін жетеді.
Бос орын пернесі. бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.
пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріптерді енгізу үшін пернесін басып тұрып, одан соң символдық перенелерді басады да қажетті әріптерді тереді.
пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса, бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі.
пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады. Ұлттық алфавит символдарының пернетақтаның пернелерінде орналасуын пернетақтада таратылу деп атайды. Бұл тілдің алфавитінен ауысу үшін пернелердің комбинациясы пайдаланылады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқада символдары бар пернелерден тұрады.
- Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.
- Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
- Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қоғалуын басқаруға болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. пернесі не үшін арналған?
2. пернесінің қызметі қандай?
3. пернесі қандай қызмет атқарады?
4. пернесі қандай қызмет атқарады?
5. Өзіңнің аты-жөні, мекен-жайыңды компьютерде теріп шық.
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға пернетақтамен жұмыс жасау принциптері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 2.2, бет. 42-44, жат
Пернетақта (клавиатура).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.