Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Power Point  құжаттарының құрылымы. -

Power Point құжаттарының құрылымы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1372 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Power Point құжаттарының құрылымы. Презентация.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға
Қазіргі заманғы презентациялық бағдарламаларының көбісі анимациялық, дыбыспен, бейнемен жұмыс істеуді, мультимедианың басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиялаық өнімдерде әр слайд сахна сияқты, оны қозғалыстағы объектілермен толтырып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Көптеген презентациялық пакеттер қазірден сондай құралдар ұсынуда. Мультимедиялық объектілерді тікелей слайдтарға кірістіру үшін Оле технологиясы қолданылады. Бұл жағдайда мультимедия объектілерін жеке қосымша басқарады. Мұндай технологияны қолдану үшін оперативті және дискілік жады үлкен мөлшердегі. Едәуір қуатты, сондай-ақ дыбыстық платасы бар дербес компьютер қажет. Бұған қоса дискеталарда немесе компакт-дискілерде жасалған слайд-фильмдерді пайдалану және тарату үшін, белгілі Оле серверлері болуы шарт. Осы себептерге орай, өзіндік қолдау мультимедиясы бар презентация бағдарламалар жақсы бағаланады
Кез келген Роwer Рoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады. Мұндай файлдар презентацияда көп болуы мүмкін, бірақ олар маңызды болуы шарт, сіздің презентациядағы жүзінші слайд ешкімге қызықты болып көрінбейді. Құжаттағы әрбір слайдтың оның орналасу жеріне байланысты үнсіз келісім бойынша берілетін бірегей нөмірі болады. Слайдтардың тізбектілігі (олардың байланысы, нөмірленуі) құжатта сызықты. Мұндай сызықтық пайдаланушы әрекетіне тәуелсіз Роwer Рoint
Автоматты түрде сүйемелденеді. Яғни, слайдтарды жою, енгізу, алмастыру, көрінбеуі немесе көрсету құжаттың сызықтық құрылымын бұзбайды.
Слайдтарда әр түрлі типті объекттер бар, олардың қиюласуы презентацияның берілген кадрінің мазмұнын толығымен ашуға арналған. Әрбір слайдта, кем дегенде бір объект – кадр фоны болады. Яғни толығымен бос слайд болуы мүмкін емес және «бос» деп «фон» типті объектісі бар слайд түсініледі.
Слайдта орналастырылатын объектілерге:
• фон
• мәтін
• гиперсілтемелер (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• колонтитулдар (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• кестелер;
• графикалық бейнелер;
• жазулар;
• диаграммалар;
• дильм;
• дыбыс;
• бағдарша (ярлык) жатады.
Ерекше объект ретінде жиынтығында слайдтың түстік схемасын ұсынатын әр түрлі объектілерді түстік көркемдеу шығады. Слайтда орналастырылған барлық объектілер, Роwer Рoint-тің ішкі құралдарымен, сыртқы қосымшалармен немесе бір мезгілде осы және басқа құралдарымен жасалына немесе көркемделіне алады.
Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл – Печать командасын беріп, басылатын объектіні : слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет. Содан соң басылатын слайдтар тобы және басылатын көшірме саны анықталады.
Слайдтардың басылатын түрде көріну үшін (сұр түс өрбуі пайдаланумен ), слайдтар режимінде Вид – Черно-белый командасын немесе оны контекстті менюден таңдап, көркемдеудің қажетті вариантын орнату қажет. Мысалы , егер Авто-ны таңдаса фон жасырылған және слайдта тек мәтін мен графика ғана көрсетілінеді. Егер де Черный с белый заливкой таңдаса, сұрдың барлық реңкі, объектінің құйылмалары қоса жасырылынады және барлығы қара-ала түрде басылынады.
Ақ-қара түсті режимдегі жұмыс кезінде енгізілген өзгертулер, экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сол себептен ең тиімді вариант – түрлі-түсті презентация жасау және үлестірмелі материалдарды ақ-қара түсті принтерде басып шағару.

ІХ. Үйге тапсырма
Power Point құжаттарының құрылымы. Презентация.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.