Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сызықтық алгоритмге программа құр -

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сызықтық алгоритмге программа құр

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2840 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сызықтық алгоритмге программа құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік бере отырып оқушыларды программа құруға үйрету.
Дамытушылығы: Паскаль тілінің қарапайым операторларына есептер шығара отырып оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
• Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
• Көшу операторы не үшін қажет?
• Меншіктеу операторының форматы.
• Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
• Енгізу операторының жалпы форматы қандай?
• Шығару операторының жалпы форматы қандай?

Компьютермен жұмыс

№1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) , у = a* b

Program esep 1;
Var a, b, x, y:integer;
Begin Write (‘a. b- сандарын енгіз’);
Readln (a, b);
X:=sqr (a+b);
Y:= a*b;
Writeln (‘x=’, x);
Writeln (‘y=’, y);
End.



№2. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.
Program esep 2 ;
Var k:real;
Const x = 5, y = 2.8;
Begin
K: = srq (x) + sqr(y)* sqrt (x+y);
Writeln (‘k = ‘, k);
End.

№ 3. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2 оқушы К себет , 3оқушы L себет алма жинаса, олар t сағатта қанша алма жинайды? (74 бет1-тапсырма).

№4. Бір зат алдымен 10% -ке қымбаттап, одан соң 10% -ке арзандатылса, заттын бағасы қанша % -ке өзгерген. (75 бет 11- тапсырма).

№5. х және у-тің мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа құрыңдар. (73 бет, 5 жаттығу)

№6. 75 бет, 19, 20 тапсырмалар

Сабақты бекіту сұрақтары

• Программа әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?

Үйге тапсырма: 74-75 бет – 2, 6, 12, 13, 18 тапсырмалар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.