Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. -

Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 238 | Просмотров: 1878 | Размер: 23.7 Kb | Автор:
. Сабақ
8- сабақ Сабақ өтілетін күн:
Орны: информатика кабинеті
Сынып 7- сынып
Сілтеме Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар.
Сабақ тақырыбы Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.
Жалпы мақсаттар Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Программаның құрылымымен танысып, арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазып үйренеді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеялар Программалау, Паскаль программалау тілі, программалау тілінің әліпбиі, Паскаль тілінің элементтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.
Әдіс-тәсілдер Топпен, жекелей, жұппен, АКТ, миға шабуыл, кубизм әдісі, сұрақты қағып ал, деңгейлік тапсырмалар, ойлан жауап бер, өзін-өзі бағалау, кері байланыс.
Көрнекіліктер Үлестірмелі тапсырма мен конверттер, стикер, проектілі тақта, қима қағаздар
Дерек көздер Оқулық, дидактикалық материалдар, интернет ресурстары
Оқыту нәтижелері • Паскаль программалау тілінің алфавиті, программалау тілінің синтаксисімен танысады.
• Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі
• Өз ойын қорғай алады
• Шығармашылықпен жұмыс істей алады
Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері

1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
3 мин

7 мин

5 мин


Түрлі түсті әріптер бойынша топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.

Әр топқа бағалау парақшаларын тарату.

1- тапсырма.
Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.
1. Алгоритм және оның қасиеттері туралы айтып бер.
2. Алгоритмді атқарушылар, жазу формалары және блок- схема.
3. Алгоритм типтері туралы айтып беріңдер және мысалдар келтіріңдер.
2. «Теңбіл доп» ойыны миға шабуыл әдісі. Мұғалім сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің атқарушыларын ата.
3. Алгоритмді жазу формаларын ата.
4. Графикалық түрде жазу дегеніміз не?
5. Алгоритмнің қасиеттерін ата.
6. Алгоритмнің қандай типтері бар.
7. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
8. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
9. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
3. Информатикалық диктант. Кестеде әрбір оқушыға блок- схема таратылады. Оқушылар әріптерді ала отырып, сол әріптен басталатын информатикалық терминді атап, анықтама береді.
Әріптің түсі бойынша топқа бөлінеді.

Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді
Сабақ барысында топ басшысы өзін және топ мүшелерін сабақтың әр этапы бойынша бағалап отырады.

Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.

Мұғалім жасырын белгі салып кеткен оқушы жауап беруді бастайды.

Оқушылар сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелері көмектесе алады.

Әрбір оқушы, жеке тапсырманы орындап, блок- схемалардың қызметін жазады.
2-кезең. Мағынаны ажырату:


20 мин

2 мин 4 . Жаңа сабақтың мақсаты.Оқушыларға «Балалар, алгоритмді компьютерде орындау үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қояды.
5. Сөзжұмбақ.Шешімін тапқанда «Паскаль» деген сөз пайда болады.

6. Жаңа тақырып.Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі.
7. Сұқсаусақ әдісі.
Мұғалім атаған реттегі оқушы тақырыпты айтуды бастайды.

5. Сергіту сәті.«Физминутка» би билету Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.

Сөзжұмбақты орындарында отырып шешеді.

Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасады.

Оқушылар сұқсаусақтарын бірінің үстіне бірін орналастырады.
3-кезең. Ой- толғаныс:
5 мин 8. Сұрақты қағып ал. Әр топқа 1 сұрақ құрап, стикерге жазу тапсырмасы беріледі.

7. Деңгейлік тапсырмалар. Әр топқа А, В, С- деңгейлі тапсырмалар беріледі.
Бірігіп сұрақ құрап, басқа топтағы бір оқушының арқасына жапсырады, сол оқушы сұраққа жауап береді.
Әр оқушы дәптерге А-деңгейінен бастап, шамасы жеткенше деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар. 1 мин Тақырыпты дәптерге конспектілеп келу, оқу, мазмұндау. Үйден 2 сұрақтан құрап келу.
Бағалау 2 мин Бағалау парақшасы арқылы бағалау, сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтадағы смайликтерге іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау Өзін-өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.