Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Паскаль тілінің алфавиті. Арифметикалық өрнекті жазу ережесі. Программалау тілі -

Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Паскаль тілінің алфавиті. Арифметикалық өрнекті жазу ережесі. Программалау тілі

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3261 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Паскаль тілінің алфавиті. Арифметикалық өрнекті жазу ережесі.
Программалау тілі
Алгоритмді ЭЕМ- ге түсінікті тілде жазу сатысы программалау деп атайды.
Программа деп алгоритмнің ЭЕМ- ге түсінікті таңбада жазылуын айтамыз.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру оңай және жіберілген қателерді де түзету жеңілірек, сондықтан да қазіргі кездегі компьютерлер осы Паскаль тілінде жұмыс істей алады.

1

Паскаль программалау тілі 17 ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.

Паскаль өмірі
Блез Паскаль /1623-1662/
1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі Алгол, бейсик, тілдерге қарағанда барынша жетілдірілген тіл қатарына жатады. Паскаль тілі өзінінің қарапайымдылығына және тиімділігіне байланысты бүкіл дүние жүзіне кең таралды.
Паскаль тілінің алфавиті
Жалпы біздің күнделікті қолданып отырған қазақ тілі немесе орыс тілі, ағылшын тілдеріндегідей Паскаль тілінің де өзіндік алфавиті, элементтері, жазылу ерекшеліктері болады. Тілдің алфавиті программаның элементтерін

2
құрайтын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, сандар, айыру белгілері және арнайы символдар жатады.
Паскаль тілінде:
• Арнайы атаулар – латын әріптерімен жазылады. (Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Xx, Yy, Zz);
• 0-ден 9- ға дейінгі сандар (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9);
• Арнайы таңбалар:
Арифметикалық және салыстыру амалдары:
(+) – қосу;
(-) – азауту;
(*) – көбейту;
(/) – бөлу;
(>) – үлкен;
(<) – кіші;
(<>) – тең емес;
(<=) – үлкен емес;
(>=) – кіші емес;
(=) – тең; (тұрақты шамалар үшін)
(:=) – меншіктеу.

3

Мысалы:
Математикалық түрде жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
25+10 25+10
9:3 9 / 3
256 x 12 256 * 12
230-156 230-156

Арифметикалық және логикалық функциялар:
DIV – бүтін бөлу
MOD – қалдықты табу
NOT – емес немесе терістеу операциясы
AND – және немесе логикалық көбейту операциясы
OR – немесе операциясы (логикалық қосу)
Мысалы:
13 div 4 = 3
17 div 5 = 3
17 mod 5 = 2
27 mod 5 = 2

4
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.