Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құралдар тақтасы, түстер палитрасы. -

Құралдар тақтасы, түстер палитрасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1719 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Құралдар тақтасы, түстер палитрасы.
Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы және түстер палитрасы туралы білімін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Paint графикалық редакторының құралдар тақтасымен және түстер палитрасымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Paint бағдарламасын іске қосу қалай жүзеге асырылады?
2) Paint бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады?
3) Сурет салу кезеңдері?
4) Редактордың қандай құралдары бар, ата?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі
Түзету=»Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование =>Отменить) командасын таңдау керек.
Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа "Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мүндай аспапты таңдаған соң, "тышқанның" стандартты курсоры Қылқаламға айналады.
Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.
Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон нгмесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.
Тақта қүрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондык, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлык фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып. өшіреді. Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондык түске боялады. Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізіге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырма1. Төртбұрыш құралын ғана пайдаланып, пойыз суретін сал.

Тапсырма2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш құралы көмегімен ПИРАМИДА суретін сал.

Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?
2 Түстер палитрасын қалай қолданамыз?
3 Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз?
4 Құралдардың қызметі қандай?
6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға Paint графиктік редакторының құралдар тақтасы мен түстер палитрасын қолдану туралы жалпы мағлұмат беру. Төрбұрыш, бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш құралдары көмегімен сурет салу.
7) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 110-113
Paint графикалық редакторының құралдары.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.