Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өрнектер және олардың жазылуы. -

Өрнектер және олардың жазылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4291 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Өрнектер және олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары
• Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
• Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
• Ctrl + Del, Ctrl + Ins, Shift + Del, Shift + Ins пернелері қандай қызмет атқарады?
• Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
• Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
• АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
• Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Жаңа сабақты түсіндіру

Өрнектер және олардың жазылуы

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1.8; (sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т.б

Математикада жазылуы Программалау тілінде жазылуы
a + b
a - b
(a + b)/ (a – b)
a b exp (b * ln (a))
a + b
xy (a + b)/(x * y)
1 + x

sqrt (1 + sqrt (x))

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Реті Амалдар түрі Амалдар немесе оның элементі
1 Жақшы ішіндегі өрнектер ( )
2 Функция мәндері Фкнуциялар
3 Унарлық амалдар @ , not, бірорынды +және -
4 Көбейту, бөлу түріндегі амалдар *, /, div, mod, and, shl, shr
5 Қосу амалдары +,-,or, xor
6 Қатынас амалдары =, <>, <,>,<=, >=, in

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

Сабақты бекіту сұрақтары

• Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
• DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Идентификатор дегеніміз не?
• Жиым дегеніміз не?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?
• Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Атаулардың типтері қалай сипатталады?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?

Үйге тапсырма: §2.8. тақырыптарды оқу. 54 беттегі тапсырма 1.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.