Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Символдық мәліметтермен амалдар орындау -

Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3117 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: «Символдық мәліметтермен амалдар орындау»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін пайдалана отырып, есептер шығаруға, прогрмма құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын пед.технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/
Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
Оқыту әдіс-тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі.
Қолданылатын техникалық
құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар,
Оқушы білуі қажет: Символдық шамаларға берілген есептерге программа жазуды.
Оқушы меңгеру керек: Символдық мәліметтермен амалдар орындап, есептерді шығару, программа жазу

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
 Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау.
 Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
 Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Шаттық шеңберін құрып әр оқушы бір гүлден ұстап бір-біріне жылы лебіздерін айтып, қолдарындағы гүлдерін ұсынады.
 Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

Сынып оқушыларын екі топқа және сарапшыларға бөлемін. Сарапшылар жақсы оқитын оқушы болады, қалған оқушылар екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу барысында әділ болу үшін оқушыларға геометриялық фигуралар үшбұрыш пен төртбұрыш немесе т.б. тең бөліп әр оқушыға жететіндей етіп, оқушылардың өздеріне таңдатып, сол бойынша бөлу.
- Оқушыларды топ ережесімен таныстыру;
- Бағалау критерийлерімен таныстырып, тақтаға іліп қоямын.
- Осы тұста топ ережесіне бағынбаған топтың жанына барып, жетон тастап отыратынымды ескертемін; /НЕГЕ? НЕ ҮШІН НАҚТЫЛАУ КЕРЕК
- Оқушылардың көңіл - күйлерін бақылау
Топ ережесін нақтылау
1. Топ басшысы ұйымдастырушы және логикасы дамыған болу
2. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін»
3. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
4. «Бірлігіміз мықты болса алынбайтын қамал жоқ»
5. «Бір құмалақ бір қарын майды бұзбасын»
6. «Қарсыласыңды силай біл»
7. «Өзіңе деген сенімің мықты болсын»
8. «Әрқашанда біргеміз, берік болсын іргеміз»
Оқушы әрекеті:
 Мұғаліммен амандасады;
 Шаттық шеңберін құрып, жылы лебіздерін айтды;
 Топ ережесімен келіскен - келіспегендіктерін айтады;
 Бағалау критерийлерін көріп, танысқаннан кейін өз - өздерін реттей бастайды;
 Топ ережесіне бағынуға тырысады;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау.
Үй жұмысын тест тапсырмасы бойынша тексеру. Оқушылар орындаған тест тапсырмасын сарапшылар тексереді. Оқушылар тест тапсырмаларын орындап болғанға дейін сарапшыларда тестті орындап, мұғалімнің жауабымен тексеріп алады.
1. Бірөлшемді бүтін сандардан тұратын массивті Var қызметші сөзінде сипатталуы
a) Integer
b) Real
c) array[1..n] of real
d) array[1..n] of integer
e) string
2. Берілген жиым неше элементтен тұрады?
a) 5
b) 14
c) 9
d) 45
e) 54

3. Мына жазбалардың қайсысы дұрыс?
a) massiv array[1..N] of vector;
b) massiv array[1..N] of real;
c) massiv array[1..N] of;
d) massiv array[1N] of integer;
e) massiv array[1..N] real.
4. Жиым дегеніміз не-.....
a) бір атаумен белгіленіп біріктірілеген біртекті элементтер жиымы.
b) бір атаумен біріктірілмеген біртекті элементтер жиымы
c) әртүрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі
d) мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі
5. Берілген жиым элементтерінің типі қандай?
Var B: array[1..7] of char;
a) Бүтін
b) Файлдық
c) Нақты
d) Логикалық
e) Символдық
6. Төмендегі массив элементтерінің сипаттамасының қайсысы дұрыс емес?
a) Var A: array[1..20] of real;
b) Type Mas=array[‘A’…’D’]; of real; Var A: Mas
c) Var a: array[integer] of char;
d) Var MM: array[false..true] of char;
e) Type SS=array[‘-20…0] of integer; Var Mas:SS
7. Төмендегі типтердің қайсысы жиым элементтерінің типі бола алмайды?
a) бүтін
b) файлдық
c) нақты
d) символдық
e) мәтінді
Тақтада ілініп тұрған бағалау критерийлеріне, тестте жинаған ұпайлары бойынша оқушының тұсына белгі саламын.+
Оқушы әрекеті:
- Жауап бермеген оқушылар бағалау критерийлеріне қарап өз-өздерін реттей бастайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Екі топқа тақырыпты бөліп беріп, 1-топқа стандартты функциялар, ал 2-топқа стандартты процедураларды оқып, екі топ бір-біріне әрбір функциялар мен процедуралардың жазылуы мен атқаратын қызметін түсіндіреді. Мұғалім толықтырып, мысалдар көрсетеді.
Мысалы: ағылшынның алфавитін экранға шығарып беретін программа құралық.
Program kodtar; {программаның тақырыбы}
Var c: char; {с символдық айнымалыны сипаттау}
Begin {программаның басы}
For c:=’a’ to ‘z’ do {параметрлі цикл операторы}
Write©; {цикл денесі: с айнымалысын баспаға шығ.}
End. {соңы}
Мұның нәтижесінде дисплей экранында abcd….z символдары көрінеді. Ал алфавитті кері тәртіпте бейнелеу қажет болса, онда FOR операторының алғашқы жолын басқаша мынадай түрде жазу керек.
For c:=’z’ downto ‘a’ do

Мысал: Берілген сөзде қанша «а» әрібі бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.
program a_sanau;
uses crt;
var i,n,k: integer;
s: string;
begin
write('tanbalar tizbegin engiz, ');
read(s);
n:=length(s); k:=0;
for i:=1 to n do
if (s[i]='а') or (s[i]='a') then k:=k+1;
writeln('sozdegi kichi "a"-lar sany - ',k);
end.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR (ағылшынның Character – символ деген сөзінен қысқартылып алынған) түйінді сөі арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі ұғымдар: Char – айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,
Chr (x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді, мысалы: Chr (53)=’5’, chr(73)=’I’;
Ord (ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодқа түрлендіреді; мысалы: ord (‘?’)=63, ord(‘5’)=53;
pred (ch) – ch-тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді; мысалы: pred (‘M’)=’L’;
succ(ch) – ch-String - айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.
Text - мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.
Мәтін ұзындығын анықтайтын операциясы – LENGTH (x).
Length (‘ABCD’) = 4. Length (‘a f 5 1’) = 7.
Copy (St, Poz,N) – St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ болады.
Concat(s1, s2,…,sn) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
Upcase(ch) – латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.
Delete(S,Poz,N) – S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.
Insert(S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.
Str(I,S) – I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады.
Val(S,I,god) – S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. God – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болмаса, сod = 0 – нәтиже дұрыс, ал cod <> 0 болса, онда нәтиже қате, оның мәні алғашқы қате кеткен орын нөмірін көрсететін санға тең болады да, мұндайда I – дің мәні анықталмаған болып саналады.
Мысал: «Студент» сөзі берілген. Стандартты тіркестік процедуралар мен функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек:
1) сөздің ұзындығын табу;
2) сөзге «пін» жалғауын жалғау;
3) сөзден «ден» үзіндісін кесіп алу;
4) сөзден «ент» үзіндісін алып тастау;
5) сөз алдына «Мен» тұрақтысын кіргізу;
6) сөз ішіндегі «е» әрпінің орналасу нөмірін табу:
program student;
var
a1: string [7]; a2: string [3];
a3: string [10]; a4: char;
b1,b6:integer; b2: string [10];
b3: string [3]; b4: string [4];
b5: string [11];
begin
writeln;
a1:=’студент’; a2:=’пін’;
a3:=’Мен’; a4:=’е’;
b1:=length(a1); {ұзындығын анықтау b1=7}
b2:=concat(a1,a2); { a1 және a2 –ні қосу}
b3:=copy(a1,4,3); {а1 тіркесінің 4-ші позицисынан 3 символды бөліп алу}
b4:=copy(a1,5,3); { а1 тіркесінің 5-ші позицисынан 3 символды бөліп алу }
b5:=concat(a3,a1); { a3 және a1 –ді қосу }
b6:=pos(a4,a1); {5}
write(‘сөз ұзындығы:’,b1,’’:2,b2,’’:2,b3,’’:2,b4);
writeln(b5,’’:2, b6);
end.

ІV. Практикалық бөлім. Жаңа сабақ бойынша тапсырмаларды орындау.

Тапсырма №1. Кез келген сөзді енгізгенде, сол сөзді кері ретпен шығаратын программа құр.
Program E5;
var x,d,a:string;
i,k:integer;
Begin
Writeln(‘soz engiz’);
Readln(x);
for i:=length(x) downto 1 do
write( copy(x,i,1));
Readln
end.

Тапсырма №2. Есептің программасының әр жолын бөлек қиып, араластырып оқушыларға беремін. Олар берілген есептің программасын дұрыс құрастырып, есептің шартын айтуы тиіс. Сарапшылар дұрыстығын тексеріп, қате жері болса ескертіп айтады.
1-топ. Енгізілген сөздегі барлық «а» әріптерін «о» -ға ауыстыру программасын құру,
Program e2;
uses crt;
var s:string;
procedure changechar(var s:string);
var n:byte; begin
n:=0;
while pos (‘a’,s)>0 do begin n:=n+1; S[pos('a',s)]:=’o'; end;
end;
begin
writeln;
write(‘s=’);
readln(s);
changechar(s);
writeln(‘ а-ны о-га ауыстыргандагы нәтиже: ‘,s);
readln
end.

2-топ. “ку”, “шка”, “юшон”, “пила” сөздерінен: “кукушка кукушонку купила капюшон” сөйлемін құрастыратын алгоритм жазу және оның ұзындығын анықтау керек.
Program e1;
const a='ку'; b='шка'; c='юшон'; d='пила';
var t: string [100];
l: integer;
begin
t:=a+a+b+' '+a+a+copy(c,2,3)+a+' '+a+d+' '+copy(b,2,2)+copy(d,1,1)+c;
l:=length(t);
writeln(' t:=', t);
writeln(' l:=', l);
end.
Тапсырма №3. Сөзжұмбақ шешу. Excel бағдарламасында сөзжұмбақ дайындап, әр оқушының компьютеріне салып қоямын. Оқушылар сол сөзжұмбақты ашып орындарында орындайды, ал сарапшылар тексеріп шығады.

3
1 2 c o p y
4 c h a r
5 p o s d
n 8 9
6 u p c a s e L
r a 10 i n s e r t
7 d e l e t e d n
d g
t
h

Тапсырма №4. Берілген есептің қатесін тауып компьютерге көшіру.
Кез келген сөз тіркесі теріліп, оның соңында Enter пернесі басылған. Енгізілген символдардың санын және сол сөздерде Т әрпінің неше рет кездесетінін есептейтін программа құру керек.
Program a2(INPUT,ОUTPUT);
uses crt;
var b:char; n,k:integer;
Begin k:=0; n:=0; readln;
writeln(‘matin engizinder:’);
while not eoln do
Begin read(b);
n:=n+1;
if b:=’t’ then k:=k+1;
end; writeln;
writeln(‘matindegi simboldardin sani n=’,n:3);
writeln(‘matindegi t arpinin sani k=’,k:3);end.

V. Жаңа материалды бекіту:
Кім жылдам?
I N S E R T C
D V A L P R O
E D R O D E N
L U P C A S C
E C O P Y E A
T T G N E L T
E H B E G I N
VІ. Сабақты қорытындылау.
Білімді бағалау.
VIІ. Үй тапсырмасы
 Берілген сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайтын программа құрастырып келу.
 кітапхана сөзінен: ана, кітап, танк, апа, хан сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.
Тақырыпты оқу.

Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

кітапхана сөзінен: ана, кітап, танк, апа, хан сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.
жауабы:
Program e1;
const a='кітапхана';
var t: string [100];
l: integer;
begin
t:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);
l:=length(t);
writeln(' t:=', t);
writeln(' l:=', l);
end.

Қолдану кезеңі
1. Тапсырма - жұптық жұмыс
Компьютерде тәжірибелік тапсырма орындатамын.
Талданған есепті компьютерде теріп, қатемен жұмыс жасау, нәтижені алу.
Оқушы әрекеті
Оқушылар компьютерден тәжірибелік жұмыс орындайды. Бір - бірінің жіберген қатесін түсіндіреді, дұрыстайды.

Талдау кезеңі
Оқушылардың бүгінгі материалды қаншалықты меңгергендіктерін бақылау мақсатында сыныпты үш топқа бөлемін.
1. Операторларға түсінік береді -«Операторлар»
2. Бағдарлама құрылымы - «Информатик» айтады
3. Нәтижені қалай аламыз? «Бағдарламашы» жауап берді
Оқушы әрекеті
Әр топ өз тапсырмасына түсінік береді. «Ой толғаныс» жасайды
Бағалау кезеңі
Топ ережесіне бағынуы;
Өткен материалмен байланысы
Жаңа тақырыпты меңгеруі, түсінуі; /НЕНІ ҚАЛАЙ
Тапсырмаларды орындауы; /ҚАЛАЙ ҚАЙТІП
Белсенділігі
Рефлекция /Кері байланысты айқындау/
- Оқушыларға сауалнама таратып беремін. (Ертең жинап аламын деп ескертемін).
1. Осындай топтық жұмыс ұнады ма?
2. Ол сізге қызықты болды ма?
3. Топта қандай рөлді атқардыңыз?
4. Өз рөліңізді қалай атқардыңыз?
5. Осы топтық жұмыста басты қандай нәрсе ұнады?
6. Не нәрсе қиындық туғызды?
7. Бағалау кезіндегі критерийлер мен оларға жазылған дескрипторлар сізге пайдасын тигізді ме?
8. Топпен жұмыс жасағанда рөлге бөлген дұрыс па? Сіздің ойыңыз.
9. Осы топтық жұмыста алға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
Сізге сабақ ұнады ма әлде ұнаған жоқ па? (Неліктен ұнады?/
Үйге тапсырма
Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.