Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Символдық және жолдық шамалар. Жолдық шамалармен жұмыс -

Символдық және жолдық шамалар. Жолдық шамалармен жұмыс

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 412 | Просмотров: 6257 | Размер: 88.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сапарова Құрбанай Мыңбайқызы
Жаңаөзен мектеп – гимназиясының
информатика пәні мұғалімі

Тақырыбы: Символдық және жолдық шамалар. Жолдық шамалармен жұмыс.
Мақсаты:
Білімділік: жолдық шамаларға қолданылатын лперацияларды енгізу және оқушыларға алгоритмдермен программаларды құру кезінде осы операцияларды пайдалану тәсілдерін, жолдарын көрсету;
Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық:текстерді біріктіру, ұзындығын анықтау, бөлігін қиып алу жұмыстарын жасау арқылы оқушылардың логикалық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ

І. Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу
2) Сабаққа қатысын тексеру
3) 2 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қолданылатын сөздер: (Алг, басы, енгізу, шығару, соңы, program; var; begin; readln, writeln; end.) Берілген сөздерді құрап 2 топқа бөлінеді.
4) Өзін-өзі бағалау бетшесін тарату.

ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін нақтылау.
1) Таңдау операторы дегеніміз не? Қызметші сөздерін ата.
2) Талмақталу операторы дегеніміз не? Қызметші сөздерін ата.
3) Циклдық алгоритмнің түрлері. Бір-бірінен айырмашылығы.
4) Бір өлшемді массив
5) Екі өлшемді массив

ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Жолдық шамаларға біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады. . Біріктіру амалын конкатенация деп атайды. Ол «+» таңбасымен белгіленеді. Осы амал арқылы символдардан жаңа мәтіндер құралады. Мысалы: “про”+ “грамма”= “программа”, “12”+”236”=”12236” Текстерді жалғау нәтижесі олардың ретіне байланысты: “236”+ “12” = “23612”. Салыстыру амалында <, >, <=, >=, < >, = белгілері жатады. Мысалы: ‘CCC’> ‘CC’ TRUE ‘Bol_’> ‘Bol’ TRUE ‘red’< ‘blue’ TRUE ‘100’> ‘101’ FALSE ‘MAN1’> ‘MAN2’ FALSE.
2) Текстің ұзындығын анықтау. Бұл операция ұзын қызметші сөзінің көмегімен жүргізіледі. Текстің ұзындығы ондағы символдар санымен анықталады. Мысалы: ұзын (“программа”) =9.
3) Символды ауыстыру. Сөздің бөлігін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: А= “маман” болғанда А [1,3]:= “айр” командасы “маман” сөзінің бір бөлігін, 1-әріптен 3-ні қоса “айр”-мен ауыстырады. Команда орындалғаннан кейін А-ның мәні “айран” сөзі болады.

Мысалдар:
№1 мысал. “ку”, “шка”, “юшон”, “пила” сөздерінен: “кукушка кукушонку купила капюшон” сөйлемін құрастыратын алгоритм жазу және оның ұзындығын анықтау керек.
Шешуі:
алг сөйлем (нәт лит Т, бүтін L)
басы лит А, B, C, D
A:=“ку”; B:=“шка”; C:=“юшон”; D:=“пила”
T:=A+A+B+“”+A+A+C[2,3]+A+“”+A+D+“ ”+B[2,2]+D[1,1]+C
L:=ұзын (T)
шығару T, L
соңы

Program e1;
const a='ку'; b='шка'; c='юшон'; d='пила';
var t: string [100];
l: integer;
begin
t:=a+a+b+' '+a+a+copy(c,2,3)+a+' '+a+d+' '+copy(b,2,2)+copy(d,1,1)+c;
l:=length(t);
writeln(' t:=', t);
writeln(' l:=', l);
end.

№2 мысал.
А= “Қазақстан”
A[2,1]+[6,4]+ [2,1]:= ‘Астана’
A[1,5]:= ‘Қазақ’
A[7,2]+[3,2]:=‘таза’
A[6,1]+[8,1]+[1,2]:=‘сақа’

№3 мысал. Меншіктеу командаларын ретпен орындағаннан кейін А символдық шамасының мәнін анықтау.
А= “қал”-ға тең.
A[1,1]:= ‘т’-‘тал’
A[3,1]:= ‘й’- ‘тай’
A[1,1]:=‘м’- ‘май’
A[1,1]:=‘с’- ‘сай’
А= “сай”-ға тең.

Атауы Типі Әрекеті
Length (s) s-string s-жолдың ұзындығын анықтайды. (Қанша символ бар екенін)
Length (‘a+b’)=3
Length (‘a c d’)=5; т.с.с
Copy (s, p, n) s-string
p, n-integer s-сөзінің p нөмірінен бастап, қатар тұрған n-символды көшіріп алады
Delete (s, p, n) s-сөзінің p нөмірінен бастап, қатар тұрған n-символды өшіреді
Concat (S1, S2, …, SN) s1, s2,- string s1, s2, …, sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктіреді.
Insert (s1, s2, n) s1, s2, -string,
n-integer s1 сөзін s2 сөзіне n –нөмірінен бастап тіркеп жазады.
Pos(s1, s2) s1, s2- string s1 кіші сөзі s2 ұзын сөздің ішінде бар ма/жоқ па, соны анықтайды (егер жоқ болса нәтиже 0)
Str(i, s) s-string,
i-integer, i санын символ типіне өңдеп, нәтижесін s мәні ретінде жазады.
Val(s, I, code) s-string,
i-integer, real
code-integer Сөз ретінде берілген s санын бүтін немесе нақты санға ауыстырып, нәтижені i-дің мәні ретінде жазады. Қате жоқ болса code=0
UpCase© c-char Кіші латын және орыс әріптерін бас әріпке ауыстырады.
Chr(i) i-integer i санына сәйкес символды (әріпті ASC-код) береді.
Ord(s) s-chr

ІҮ. Тапсырмалар орындау.
Топқа берілетін тапсырмалар:
1-тапсырма. Бұл тапсырма жұмбаққа ұқсас.
1-топқа А= ‘сабақ’ екені берілген. ‘Сабақ’ сөзінен ыдыс, ас, бас киім, ақпаратты қабылдайтын адамның бір мүшесі, жылқы төлі сөздері шығатындай тапсырманы орындау керек.
А= “сабақ”-қа тең.
A[1,1]:= ‘т’-‘табақ’
A[2,1]:=‘ым’- ‘тымақ’
A[3,3]:=‘құл’- ‘құлақ’
A[4,2]:=‘ын’- ‘құлын’
А= “құлын”-ға тең.

2-топқа А= ‘сарай’ екені берілген. ‘Сарай’ сөзінен жел, дуал, адам есімі, қатты деген мағынаны білдіретін сөз шығатындай берілген тапсырманы орындау керек.
А= “сарай”-ға тең.
A[3,3]:= ‘мал’-‘самал’
A[1,1]:=‘қ’- ‘қамал’
A[1,1]:=‘ж’- ‘жамал’
A[1,3]:=‘қат’- ‘қатал’
А= “қатал”-ға тең.
Оқушылар постер қорғау арқылы берілген тапсырманың мағынасын түсіндіреді, қалай шығарды қалай бұл сөздердің пайда болу туралы.

2-тапсырма. Компьютермен жұмыс.
1-топқа оқулықтан №102 беттегі №16 практикалық жұмыстың 2-есебі; А-есебіндегі кітапхана сөзінен: ана, кітап, танк, апа, хан сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.
2-топқа оқулықтан №102 беттегі №16 практикалық жұмыстың 2-есебі; В-есебіндегі компьютер сөзінен торт, том, ток, тер, рет сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсет.

1-топ есебінің жауабы:
Program e1;
const a='кітапхана';
var t: string [100];
l: integer;
begin
t:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);
l:=length(t);
writeln(' t:=', t);
writeln(' l:=', l);
end.

Ү. Сергіту сәті.
Релаксация: (Баяу музыка әуені ойналады.) Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең демаламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, керемет жандармыз!
Енді ақырын – ақырын көзімізді ашамыз. Бір – бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз!, Қандай кереметпіз!

ҮІ. Қорытындылау. Рефлексия.
1. Осы сабақтан не үйрендім?
2. Нені үйренуім керек?
3. Бұл сабақтан қандай әсер алдым?

ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі бағалау бетшесін жинау, оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұнадау. Тақырыпты мазмұндау. Стандартты функцияларды жаттау. №16 практикалық жұмыстың есептерін үйден келесі сабақта дайындап шығарып келу.

Аты – жөні: _____________________________________________

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі

№ Кезеңдері «5» «4» «3»
1 Үй тапсырмасы
2 Постер қорғау
3 Компьютермен жұмыс
4 Рефлексия

Аты – жөні: _____________________________________________

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі

№ Кезеңдері «5» «4» «3»
1 Үй тапсырмасы
2 Постер қорғау
3 Компьютермен жұмыс
4 Рефлексия

Аты – жөні: _____________________________________________

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі

№ Кезеңдері «5» «4» «3»
1 Үй тапсырмасы
2 Постер қорғау
3 Компьютермен жұмыс
4 Рефлексия

Аты – жөні: _____________________________________________

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі

№ Кезеңдері «5» «4» «3»
1 Үй тапсырмасы
2 Постер қорғау
3 Компьютермен жұмыс
4 Рефлексия

Аты – жөні: _____________________________________________

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі

№ Кезеңдері «5» «4» «3»
1 Үй тапсырмасы
2 Постер қорғау
3 Компьютермен жұмыс
4 Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.