Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу -

Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1511 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу.
Мақсат: Оқушылардың суреттерді құру, сақтау, редакторлау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру. Қисық сызық және көпбұрыш құралдарын қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Құралдар тақтасы қандай құралдардан тұрады?
2) Түстер палитрасын қалай қолданамыз?
3) Егер құралдар тақтасы мен түстер палитрасы терезеде жоқ болса, оны қалай шығарамыз:
4) Құралдардың қызметі қандай?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қисық сызықтар сызу үшін:
1. Кривая құралының батырмасын шертіңдер.
2. Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын сызықтар жиынан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.
3. Тышқан нұсқағышын сурет салу аймағындағы қисық сызық басталатын жерге апарып, оның сол жақ батырмасын басып тұрып, қисық сызық аяқталатын нүктеге тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.
4. Тышқанның нұсқағышын түзу сызықтың иілетін бөлігінің жанына апарып, сол жақ батырманы басып тұрып, түзу сызықты иілетін бағытта жылжытыңдар. Мұны орындағаннан кейін бір рет иілген сызық шығады.
5. Егер екі сызық қажет болса, онда 4-қадамда орындаған әрекеттерді қайталау қажет.

Көпбұрыштар салу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. Многоугольник батырмасын шертуден бастаңдар.
2. Құралдар тақтасының төменгі жағында пайда болатын жиыннан көпбұрыштың үш түрінің бірін таңдаңдар.
3. Тышқан нұсқағышын көпбұрыштың бірінші қабырғасы басталатын жерге апарыңдар. Содан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталады деп ойлайтын жерге дейін тасымалдаңдар. Батырманы жіберіңдер.
4. Тышқанның нұсқағышын екінші қабырғаның соңына дейін тасымалдап сол нүктеде шертіңдер. Мұны орындағаннан кейін, редактор келесі қабырғаны салады.
4-қадамның әрекеттерін көпбұрыштың барлық қабырғалары салынып болғанша қайталаңдар.
Құю құралын пайдалану
Құралдар тақтасында Құю құралы , оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, бояу бүкіл экранға төгіледі.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Қисық сызық сызу үшін қандай әрекеттер орындалады?
2. Көпбұрыш салу үшін қандай әрекеттер орындалады?
3. Тұйық контурды қалай бояймыз?

Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырма1. Қисық сызық құралының көмегімен СПИРАЛЬ суретін сал.


Тапсырма2. Эллипс және Қисық сызық құралдарының көмегімен МОНАДА суретін сал.

Тапсырма3. Көпбұрыш құралы көмегімен қолыңды алмай келесі фигураларды сал.

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға қисық сызық, көпбұрыш құралдары арқылы сурет салу туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 113-118
Paint графикалық редакторының құралдары.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.