Меню
Назад » » »
Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыш
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (341.0Kb)

загрузка...
[hide]Сабақ жоспары

Пәні: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Топ
группа ЕТ

Күні, жылы
дата
Сабақ тақырыбы: Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: білім алушыларға ауыстырғыш туралы түсінік беру; тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыш компоненттерін қолдану, қасиеттерін көрсету, алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білу.
Дамытушылық: білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық қабілеттерін дамыттыру.
Тәрбиелік: болашақ маман ретінде жауапкершілік сезімдерін ояту, өз бетімен ойларын нақты жеткізе білуге қалыптастыру
Сабақтың типі: теориялық білімді меңгерту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: көрнекілік әдіс
Пайдаланған материалдар: Б. Бөрібаев., М.М. Ерекешова.
Көрнекіліктер: ДК, оқулық, проектор, слайд.
Пән аралық байланыс: математика

Сабақ барысы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру: 1. Топпен амандасу
2. Білім алушылардың сабаққа қатысымын түгелдеу
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ауыстырғыш
Ауыстырғыш RadioButton компонентімен ұсынылады. Сәйкесінше басқару элементі мәтіннің тақырыпшасы шеңбер түрінде белгіленеді. (таңдалған жағдайда бұл шеңбердің ішінде қара нүкте пайда болады).
Ауыстырғышты таңдаған кезде тәуелді қосқыш болады, яғни бір ауыстырғышты таңдаған кезде, басқалары таңдалмаған болып келеді.
Топтан бір ауыстырғышты таңдағанда жалаушаға қарағанда оның күйін қайта шерту арқылы өзгерте алмаймыз. Таңдалған ауыстырғыштар алып тастау үшін сол топтан басқа ауыстырғышты белгілеуіміз керек.
RadioGroup тобының ауыстырғыштары басқа да басқару элементтер түрлерін қабылдайды.
Ауыстырып қосқыштың басқару саны мен аттарын, Items мәнінің көмегімен шығарылады, яғни топтағы әр ауыстырып қосқышқа кіруге болатындай жасайды. Массивте есептік жол 0 басталады: Items[0], Items[1] және т.б. Add мен Delete арқылы жолдарды монипуляциялауға мүмкіндік береді.
ItemIndex мәні арқылы әр ауыстырып қосқышқа рұқсат алуға болады. Топтағы осы уақытта таңдаулы ауыстырып қосқыштың номері беріледі. Осы күй таңдаулы ауыстырып қосқышқа немесе анықтауға қойылады. Үнсіз жағдайда ItemIndex мәні -бір болады.
Columns бағана санын береді, топта ауыстырып қосқыштар қанша
бағанадан тұратынын көрсетеді.
Ауыстырып қосқыштар белгілі бір жиынның ішінен қандай да бір мәнді таңдауға мүмкіндік жасайды. Ол қосылған күйде немесе қосылмаған түрде болады. Ауыстырып қосқыштармен жұмыс жасау үшін Delphі-де RadіoGroup компоненттері қызмет етеді. Ол компоненттер палитрасының Standart бетінде ( пиктограммасы ) орналасқан. Бұл компоненттің мына қасиеттерін қарастырайық:
Сhecked –жалаушаның күйін анықтау қасиеті;
Іtems– ауыстырып қосқыштар саны мен олардың атауларын басқару;
Columns– ауыстырып қосқыштарды баған бойынша орналастырады немесе бағандарға бөледі;
ІtemІndex– жеке ауыстырып қосқыштарға рұқсат алу үшін пайдаланатын қасиет.

Жалауша (тәуелсіз ауыстырып қосқыш)
Жалаушалардың ауыстырып қосқыштан айырмашылығы, жалаушаларды бір мезгілде әр түрлі комбинацияларда қоюға болады. (Осындай жағдайларда барлық жалаушаларды орнатуға немесе алып тастауға болады.) Жалауша орнатылған және алынып тасталған күйде болуы мүмкін. Жеке жалауша көбінесе жағдайда , мысалға қандайда бір режимді қосуға өшіруге қолданылады.
Жалауша мәтіндік тақырыпша мен тікбұрыш болып көрінеді. Егер тікбұрышта қанат белгісі болатын болса, онда ол жалаушамен көрсетілген опциясы қосылған ( осындай жағдайда жалауша белгіленген деп атайды). Егер тікбұрыш болса, онда жалауша алынып тасталған. Бір жалаушамен жасалған іс- әрекеттер басқа жалаушалардың күйіне әсер етпейді,
Checked жалаушының күйін анықтауға болады. Үнсіз жағдайда ол False мәнін қабылдайды, жалауша алынып тасталған. Тышқанды шерту арқылы жалаушаның күйін ауыстыруға болады. Егер жлауша алынып тасталған болса (қосылмаған), онда шерткеннен кейін ол орнатылады (қосылған), және керісінше. Содан кейінChecked мәні өзгертіледі.
Жалаушаны өзгертуге болмайтындай қалдыру үшін Enabled мәнін False қылдырып орнату керек(қорғаныс қою).
Қорғанысқа қойғаннан кейін оның мәні қорғанысқа дейінгі күйін сақтайды, яғни осы жалауша орнатылған немесе алып тасталған күйде болуы мүмкін. Орнатылған немесе алып тасталған екі күйден басқа, жалауша үшінші күйдеде болуы мүмкін жалаушаның күйін өзгертуге болмайды. Бұл күйдің болуы немесе болмауы Boolean типті AllowGrayed қасиеті басқарады. Егер оның мәні True болса, онда тышқанның батырмасын шерткен кезде жалаушаның үш күйдің арасындағы
циклдық ауысу өтеді: орнатылған, алынып тасталған және өзгертуге болмайтын.
Өзгертуге болмайтын жағдайда жалаушаның түсі сұр болады, ал тік бұрышта қанат белгісі болады.
TCheckBoxState типі State жалаушаның анализбен орнатудың үш күйінің бір мәнін атқарады. Ол келесі мәндерді қолданады:
cbChecked (жалауша қосылмаған)
cbGrayed (жалауша қосылған)
cbUnchecked (жалаушаға қатынас алмаймыз).
CheckBox3 жалаушасы ауыстырып қосқанда өзінің күйін бейнелейді.
Radio button [ reidio bΛtn] тәуелді тіркелімді түйме
Check box [tʃek bɔks] түйме жалау
Alingnment [ǽlainment] орналасу
Caption [ kǽpʃn] мәтін жолы
Color [ kΛlә] түсі
True [ tru:] ақиқат
False [ fɔls] жалған
Font [fɔnt] қаріп
Enable [ eneibl] қорғаныс қою
Visible [vizbl] көрініс
Checked [tʃeket] тексерілген, тандалған
Unchecked [Λn tʃekt] тексерілмеген, таңдалмаған
Items [ aitms] элемент
Cancel [ kǽnsl] жою
Help [ help] көмек
-Repeat after me! T—Cl work. T—P-1, P-2…..
ІV. Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері:
Тест сұрақтары:
1. Ауыстырғыштармен жұмысқа арналған компоненттерді атаңыздар
A)ChekBox, RadioButton,RadioGroup
B)MainMenu, PopupMenu
C)Button, BitBtn, SpeedButton
D)барлығы
2. Тәуелсіз фиксациядағы ауыстырғыш
A) RadioButton және RadioGroup
cool ChekBox
C) MainMenu
D)барлығы
3. Ауыстырғыштың жалаушасының күйін анықтау үшін қандай қасиет
пайдаланылады
A)Enabled
B)Visible
C)Items
D)State
4. State қасиетінің cbUnchecked мәні қандай күйді анықтайды?
A) жалауша қосылған
cool жалаушаға қатынас алмаймыз
C) жалауша қосылмаған
D) ешқандай
5. Ауыстырғқыштың жалаушасын өзгеріске ұшырамайтындай ету үшін, яғни блокировка қою үшін қандай қасиетті пайдаланамыз?
A)Enabled
B)Visible
C)Items
D)Checked
6. Тәуелді фиксациядағы ауыстырыпқосқышқа сәйкес келетін компонентті атаңыз
A) ChekBox
cool MainMenu
C)RadioButton
D)барлығы
7. Тәуелді фиксациядағы ауыстырғыштарды топтастыратын контейнер болып табылатын компонент қалай аталады?
A)RadioGroup
cool ChekBox
C) MainMenu
D)барлығы
8. Жеке ауыстырғышқа өту үшін қандай қасиетті таңдаймыз?
A) ІtemІndex
cool Enabled
C) Visible
D) State
9. Coloms қасиеті қай компонентке тән
A) RadioButton
cool ChekBox
C) RadioGroup
D)барлығы
10.Іtems қасиеті -
A) ауыстырғыштар саны мен олардың атауларын басқару;
cool ауыстырып қосқыштар саны
C) атауларды басқару
D) қорғаныс қою
V. Жаңа тақырыпты бекіту
1. CheckBox компонентіне сипаттама беріңіз
2. CheckBox компонентінің параметрлерін атап өтіңіз
3. CheckBox компонентінің Cheked қасиетіне сипаттама беріңіз
4. OnClick оқиғасына сипаттама беріңіз
5. Ауыстырғыш атауы мен саның қай қасиет арқылы басқарылады
VI. Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды бағалау.
VІI. Үй тапсырмасы: тақырыпты толығырақ зерттеу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыш можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Gauhar

40 орта мектеп

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 768 | Жүктеулер: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar