Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ»  атты математика пәні апталығы аясында өткізілген «Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойынының -

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ» атты математика пәні апталығы аясында өткізілген «Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойынының

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс жұмыс.

«Математикалық таңғажайыптар алаңы»
ойыны

7 - сынып


Математика пәнінің мұғалімі: Нүсіпалиева Р.К.

2012-2013 оқу жылы

Белбасар ауылы


«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ»
атты математика пәні апталығы аясында өткізілген
«Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойынының

ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Математикалық таңғажайыптар алаңы»

Мақсаты:
1. Оқушыларды математика саласындағы тарихи фактілермен таныстыру, алгебра және геометрия пәндері бойынша білімдерін жүйелеу .
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Түрі: Ойын

Формасы: Ойын технологиясын және АКТ қолдану арқылы

Көрнекілігі: Слайд.

Құралдар: Интерактивті тақта

Кіріспе:
«Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға залда отырған оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.
.
Ойын ережесі:

 Ойын 3 турдан тұрады. Әр турға 3 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.
 Ойын кезінде залда отырғандар ешкімге көмектеспеуі керек.
 Ойыншылар кезекпен-кезек әріптерді атайды. Егер ойыншы әріпті дұрыс таппаса, кезек келесі ойыншыға өтеді.
 Әр дұрыс табылған әріп үшін ойыншыға 1 ұпай беріліп отырады.
 Егер ойыншы жауабын біліп тұрса, кезек өзіне келгенше айтуына болмайды.
 Үш турдың жеңімпаздары финалға шығады.
 Жеңімпаз ақтық мәре ойынын ойнайды. Жеңімпаздың қолында 3-4 ұпайы болса 1 әріпті, 5 және одан көп ұпайы болса екі әріпті ашуға құқылы.

Ойын барысы:
Экранда слайдтар пайда болады.
І тур ойыншыларын іріктеу тапсырмалары
1. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем қалай аталады? Жауабы: аксиома
2. Суретте қанша квадрат бейнеленген? Жауабы: 14

3. y=ax2 функциясының графигі қалай аталады? Жауабы: парабола

І тур
Бұл термин әдебиетте, математикада кездеседі. Әдебиет саласында заттың әсерін күшейту, әсірелеу, дәріптеу үшін қолданылады. Математикада кері пропорционалдық функциясының графигін бейнелейді.
Г И П Е Р Б О Л А
1 2 3 4 5 6 7 8 9

ІІ тур ойыншыларын іріктеу тапсырмалары
1. Көбейту кестесіне аты берілген ежелгі грек ғалымы Жауабы: Пифагор
2. Суретте көрсетілген бұрыштар қалай аталады? Жауабы: Сыбайлас бұрыштар

3. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем қалай аталады? Жауабы: теорема

ІІ тур
Бұл термин атқаратын қызмет, міндет дегенді білдіреді. Ал математикада бір айнымалының екінші айнымалыға тәуелділігін сипаттайды.
Ф У Н К Ц И Я
1 2 3 4 5 6 7

ІІІ тур ойыншыларын іріктеу тапсырмалары
1. «Геометрия» сөзінің тікелей аудармасы Жауабы: Жер өлшеу
2. Суретте көрсетілген бұрыштар қалай аталады? Жауабы: Вертикаль бұрыштар

3. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?
Жауабы: Планиметрия
ІІІ тур
Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кездеседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болтын бұл қай сөз.
Т Ү Б І Р
1 2 3 4 5

Финал
Адамдар санауды ежелгі кезден бастап үйренген. Сандарды бейнелеу үшін ағашқа, тасқа таңбалар қалдырған. Күрделі есептеулер жүргізу қажеттілігінен цифрлар пайда болған. Адамдар сандарды бірінші рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не?
С А У С А Қ
1 2 3 4 5 6

Ақтық мәре
Сұқ саусақ пен бармақтың арасындағы қашықтық қалай аталады?
С Ү Й Е М
1 2 3 4 5


Жеңімпазды марапаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.