Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар. -

Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2637 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар.
Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі шартты оператормен программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды таңдау ұйымдастырылған шартты программалар құрып үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пәнаралық байланыс математика
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1)Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Есеп 1.
функциясының мәнін есептейтін программа құру.
Program esep2_2;
Var {айнымалыларды сипаттау бөлімі}
x: Integer; {х – бүтін сан}
А: real; {А нәтиже – нақты сан}
BEGIN {программа басы}
Write( 'x = '); { x санын енгізу туралы ақпаратты экранға шығару }
ReadLn (x) ; { x – ті енгіземіз}
If (x<-1) Then A:= x + sin(x)
{ егер х саны (-1)- ден кіші болса, А= функциясы орындалады}
Else A:= 3* sqrt(x+1);
{әйтпесе (х>-1 болса), А= функциясы орындалады }
WriteLn('A =', A:5:3); {нәтижені экранға шығарамыз}
END. {программа соңы}
Есеп 2. Кез келген 3 бүтін сан берілген: X, Y және Z. Осы сандарды кему реті бойынша орналастыратын программа құру қажет.
Program esep2_3;
Var
x,y,z,n: integer; {x,y,z – енгізілетін сандар, n – уақытша буфер}
begin writeln('Бүтін сандарды енгіз: X, Y және Z');
readln(x,y,z); { x,y,z бүтін сандарын енгізу}
if (x < y) then { егер х– у санынан кіші болса}
begin
n:=x; { n – буферіне х –тің мәнін меншіктейміз}
x:=y; { х –ке у –тің мәнін меншіктейміз}
y:=n; { у –ке n – буферіндегі мәнді меншіктейміз}
end;
if (y < z) then { егер y–z санынан кіші болса}
begin
n:=y; { n – буферіне y –тің мәнін меншіктейміз}
y:=z; { y –ке z –тің мәнін меншіктейміз}
z:=n; { z –ке n – буферіндегі мәнді меншіктейміз}
end;
if (x < y) then
begin
n:=x;
x:=y;
y:=n;
end;
if (y < z) then
begin
n:=y;
y:=z;
z:=n;
end;
writeln('Сандар кему реті бойынша орналастырылды:',x,' ',y,' ',z);
end.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Тапсырма №1.
а)
б)
Тармақты алгоритмдерді программалаудың әдісін пайдаланып, осы функциялардың мәндерін есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларды шартты программалар құрып үйрету.
7) Үйге тапсырма
IF … THEN тармақталу операторлары. Таңдау операторы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.