Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғаттағы ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат, өңдеу формалары мен оларды өңдеу түрлерi. Ақпаратты ұсыну, жеткiзу және сақтау тәсi -

Табиғаттағы ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат, өңдеу формалары мен оларды өңдеу түрлерi. Ақпаратты ұсыну, жеткiзу және сақтау тәсi

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3009 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Табиғаттағы ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат, өңдеу формалары мен оларды өңдеу түрлерi. Ақпаратты ұсыну, жеткiзу және сақтау тәсiлдерi.
Мақсат: Оқушылардың ақпаратты ұсыну, жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдері жөніндегі білімін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылар ақпаратты сақтау тәсілдерімен, ақпаратты жеткізу тәсілдерімен, ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру
Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа ,ғылымның әр түрлі;философия экономика,физика,математика,информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.
Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз , ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық.Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың,жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі , құрал жарақтары ,үй бұйымдары т.б . табылды . Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы,сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөніндеөте бағалы ақпарат берді.
Тас беттерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттардың сүйектерін,өсімдіктердің жапырақтарын зерттеу нәтижесінде Жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар ,өсімдіктер, сол кездегі ауа райы туралы көп мәлімет аламыз.
Тірі организмнің құрылысын зерттеу де біздге көп ақпарат береді. Мысалы,баласы ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, тірі жәндіктер мен микроорганизмдердің түрі неге көп? Бұл сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді,ол тұқым қуалаушылық болатынын , әрбір тірі организмнің; ол адам, жануар, өсімдік,тіпті микроорганизм болсын, негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер ,астрономдар олардан Жерге жетіп жатқан электрмагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы ,шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.
XIX-XX ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге ,ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-біліп отыруға мүмкіндік берді.
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс,тіпті сендер ұйықтап жатқанда да ой процесі, яғни ақпаратты өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді өңдеу, математикалық есептерді шешуді қиын жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ойлап шығарады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?
4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?
5)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға ақпарат және оны сақтау, жеткізу және ұсыну тәсілдері туралы жалпы мағлұмат беру.
6)Үйге тапсырма § 1.1, бет. 5-8,
Адам ақпаратпен не істейді? Адам ақпаратты қалай қабылдайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.