Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелі. Терезе, оның элементтері мен құрылымы -

Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелі. Терезе, оның элементтері мен құрылымы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6926 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелі. Терезе, оның элементтері мен құрылымы
Мақсат: Оқушыларды Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелімен таныстыру және оны қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың Windows операциялық жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) ОЖ деген не?
2) Стандартты программалар түрлері?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтері келесі объектілер болып саналады: Жұмыс үстелі, терезе, таңбашалар, жарлықтар, батырмалар, меню, қапшықтар, қосымша бағдарламалар мен құжаттар. Сондай-ақ интерфейс объектілеріне компьютердің кез келген аппараттық пен бағдарламалық ресурстары жатады. Компьютер де тұтасымен объектіге саналады.
Жұмыс үстелі
Windows операциялық жүйесінде дисплейдің барлық экраны ақпаратты өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті» іспеттес, жұмыс істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар «орналастырылатын» маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады.
Пайдаланушы интерфейсінің барлық басқа элементтері солай немесе басқаша Жұмыс үстеліне байланады. Оған терезе, құжаттардың таңбашалары, бағдарламалар мен құрылғылар, сонымен қатар қандайда бір таңдашалардың тобы бар әр түрлі тақталар орналасады.
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бас меню – «Пуск – Іске қосу» батырмасынан, жылдам іске қосу тақтасынан, тапсырмалар тақтасынан, көрсету тақтасынан тұратын жол орналасқан.
Жұмыс үстелінде келесі объектілер орналасқан (1-сурет):

1-сурет
1) Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары бар
2) Internet Explorer – Интернет беттерін қарап шығуға арналған бағдарлама бар
3) Менің компьютерім – дискілер мен мәліметтерді сақтайтын қосымша құрылғылардың тізімін бейнелейді
4) Желілік қоршам – желіге қосылған компьютерлердің тізімін бейнелейді
5) Қоржын – аласталған объектілердің тізімі бар
Жаңа қүрылғыларды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа программаларды компьютерге орналастырғанда, қаріптерді алып тастау не енгізу кездерінде, "Жүмыс столын" көркейту істерін атқарғанда, сандарды, даталар мен уақытты бейнелеу түрлерін өзгерту барысында "Басқару тактасы" деп аталатын жүйелік бумада орналасқан қүралдар пайдаланылады. Бүл буманы іске қосу "Менің компьютерім" атты жүйелік топтағы Басқару тақтасы белгісін таңдап, тышқанды екі рет шерту арқылы немесе басты менюдің Баптау => Басқару тақтасы командаларын таңдау жолымен атқарылады.
Басқару тақтасы терезесінде орналасқан программалық элементтерді пайдалана отырып "Жүмыс столын" (Desktop themes) көркейтуге, тышқан қолтетігін, пернелік тақтаны баптауға (өзіңізге ыңғайлы күйге келтіруге) және т. б. жүмыстарды атқаруға болады
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Жұмыс үстелі деген не?
2. Тапсырмалар тақтасының қызметі қандай?
3. «Бастау» батырмасының қызметі?
4. Компьютерді қосу/өшіру орындау.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау.
Оқушыларға Windows ОЖ-нің жұмыс үстелі туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.1, бет. 53-68
Жұмыс істеудің бастамасы. Windows объектілері. Windows-тың басқару элементтері. Тышқанмен жұмыс істеу. Тапсырмалар тақтасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.