Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. -

WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2397 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ.
4. Білімділік сатысы.
5. Түсіну сатысы
6. Қолдану сатысы
7. Жинақтау сатысы
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Кесте дегенміз не?
2. MS Word –та кесте құру жолдарын ата?
3. MS Word –та кестеге жолдар/бағандар қосу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
4. MS Word –та кестелерді жиектеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
5. MS Word –та кестедегі ұяшықтарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
6. MS Word –та кестедегі жолдар/бағандарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
7. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу үшін қандай командаларды орындаймыз?
Ой қозғау


Қорытындылау.
Осы жерде бізге түсініксіз болып тұрғаны– сурет пен фигуралар. Ендеше бүгінгі сабақта сол сурет пен фигураларды қалай қоятынымыз туралы айтатын боламыз.

Жаңа сабақ
Назар аударатынымыз
1. Мәтінге сурет қою;
2. Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары;
3. Фигуралық мәтін кірістіру;
4. WORDART аспаптар панелі.
5. Құжатқа Автофигураларды үстемелеу;
6. Сурет салу тақтасы.

Білімділік сатысы.
Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар: мәтінге сурет, мәтіндік фигура енгізу
ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
2. Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар.


3. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
4. Избранное терезесі ашылады.
5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
7. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
8. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка-Вставить командасын орындайсыңдар.
9. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
10. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
11. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК-ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
12. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немес сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК-ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.


Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
1. Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка-Рисунок-Обьект WORDART командасын орындау керек.
2. Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК-ді басыңдар.
3. Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК-ді басыңдар.
4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.

WORDART аспаптар панелі.

Батырма суреті Міндеті Батырма суреті Міндеті

WORDART обьектісін қосу
Еркін айналдыру

Мәтінді өзгерту
WORDART әріптерін биіктік бойынша туралау

WORDART коллекциясы
WORDART вертикаль мәтіні

Обьектінің пішімі
WORDART-ты туралау

WORDART пішіні
WORDART символаралық интервалы
Құжатқа Автофигураларды үстемелеу үшін:

1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін Автофигуралар командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының Автофигуралар менюін таңдаңдар.
2. Тізімнен керекті фигураны таңдаңдар
3. Оны құжаттың керекті орнына алып барыңдар
Түсіну сатысы
Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)

1. Мәтінге дайын кескінді қою үшін.... Вставка-Рисунок-Картинки
2. Мәтінге өзіміз қалаған кескінді кірістіру үшін..... Вставка- Рисунок - Из файл.
3. Кескінді жою үшін..........Delete
4. Сурет салу тақтасын калай шығарамыз?..... Вставка-Рисунок-Рисование
5. Фигуралық мәтін орналастыру үшін........ Вставка-Рисунок-Обьект WORDART

Сергіту минуты

Байт биттен құралады?
(Тенге тиыннан құралады.)
Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.
(Аттың сыры иесіне мәлім)
Білмесең анықтамадан сұра
(Білмесең білгеннен сұра)
Вирустан қорыққан интернетке кірмес
(Шегірткеден қорыққан егін екпес)
Бір ядролы процесор жаксы, екі ядролы одан да жаксы
(Бір ақыл артық, екі ақыл одан да артық)
Веб дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі құлағын қайдан шығарса)

Қолдану сатысы
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей (5 ұпай)
1. 8 - сыныпқа арналған ЭО-ғы “Графикалық мүмкіндіктер” тақырыбындағы 1-2 тапсырмаларды орындау.
1. Paint графиалық редакторында сурет салу
2. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістіретін жерге апару
ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)

ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)
Өздеріңнің ойларыңнан (фантазияларыңнан) түрлі графикалық бейнелерді қойып, “8- Наурыз Халықаралық әйелдер” күніне арнап аналарыңа құттықтау хатын жасаңдар
Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.
Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.
Практикалық жұмысты бағалау.
Жинақтау сатысы
Әркімнің партасында Activote тестілеу құрылғысы жатыр. Оған сендер тест жауаптарын тақтадан оқып басасыңдар. Әр сұраққа төрт жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.
(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).

Тест сұрақтары

2) Мәтінге графикалық кескін еңгізу?
A) Пуск – Paint cool Вставка – картинка- обьект Word Ard
C) Вставка – Рисунки –картинка D) Вставка – Обьект

3. Фигуралық мәтін енгізу?
A) Пуск – Paint cool Вставка – Рисунки – Обьект Wort Ard
C) Вставка – Рисунки – Картинка D) Пуск - Wordpad

6. Мәтіннің жиегін қоршау, бетті қоршау, бояу әрекеттері қандай команданың көмегімен орындалады?
А) Формат-границы и заливка cool Вставка-границы и заливка
С) Рисование- заливка D) Формат- фон- заливка границы

7) Құжат беттерін нөмірлеу әрекеті қалай орындалады?
А) Вставка- номера страниц cool Вид- колонтитулы
С) Файл- Параметр страницы D) Дұрыс жауабы жоқ.

8) Құжатты баспаға шығару үшін қандай әрекет қолданады?
А) Файл-печать cool Вставка-печать
С) Вид-печать D) Правка-печать

10) Алдын-ала қарау әрекеті ( предварительный просмотр)?
А) Правка- предварительный просмотр Б) Вид- предварительный просмотр
С) Файл- предварительный просмотр Д) Формат- предварительный просмотр.
Тест жауаптары
1 B 2 C 3 B 4 A 5 D 6 A
7 A 8 A 9 A 10 C

Сабақтың қорытындысы
Бағалау :
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. «WORD –тың мүмкіндіктері» атты реферат жазу керек. Рефераттың сыртын өздерің «WORD –тың мүмкіндіктері» деп мәтіндік текстін жазып, безендіріңдер. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып жасау эл.түрде)

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.