Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
WordPad мәтіндік редакторы көмегімен мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі. -

WordPad мәтіндік редакторы көмегімен мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1854 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: WordPad мәтіндік редакторы көмегімен мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі.
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру, онымен жұмыс жасау негіздерін түсіндіру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1 Сурет көлемін қалай өзгертеміз?
2 Сурет көлемін қалай өз орнына келтіруге болады?
3 Суретті баспаға шығару командасы?
4 Үзіндіні көбейту қалай жүзеге асырылады?
5 Үзіндіні жылжыту әрекеттерінің тізбегі?
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі
шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.
Windows жүйесінде - Іске косу=>Программалар => Стандартты => WordPad командасын орындау қажет. WordPad және Write редакторлары мәтіндік қүжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, қүжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, онын беттерінің параметрлерін өзгертуге жәш қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішішн біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі – ондағы кез келген қолданбалы программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:
1 тақырып жолы
2 меню жолы
3 құрал-саймандар тақтасы
4 пішімдеу тақтасы
5 сызғыш
6 жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. WordPad программасын іске қосу командасы?
2. WordPad терезесі қандай элементтерден тұрады?
3. WordPad терезесі элементтерінің қызметтері?
4. WordPad редакторы не үшін қолданылады?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 146-149
WordPad мәтіндік редакторы. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.