Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа типті арнаулы компьютер, оның негізгі құрылғыларына сипаттама. ЭЕМ-да шығарылған есептер мен техникалық сипаттамалардың өзара байланыс -

Жаңа типті арнаулы компьютер, оның негізгі құрылғыларына сипаттама. ЭЕМ-да шығарылған есептер мен техникалық сипаттамалардың өзара байланыс

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2264 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Жаңа типті арнаулы компьютер, оның негізгі құрылғыларына сипаттама. ЭЕМ-да шығарылған есептер мен техникалық сипаттамалардың өзара байланыстылығы. Элементтік база және ЭЕМ-нің даму буыны.
Мақсат: Оқушылардың жаңа типті арнаулы компьютерлер және олардың негізгі құрылғыларының сипаттамалары туралы білімдерін қалыптастыру. ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасы туралы мәліметпен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың компьютерлердің жаңа типтері мен олардың негізгі құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютердің жаңа модельдерін пайдалану дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Заман талабына сай компьютерлік сауаттылығы мол да, кішіпейілді оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5мин)
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қазіргі ДК қарапайым әрі күрделі. Өткен жылдар ішінде жүйені құрастыру үшін қолданылатын құрауыштардың көбі басқа құрауыштармен біріктірілді, сондықтан элементтерінің саны азайып, ол едәір қарапайым болды. Сонымен қатар ол күрделілірек те болды, өйткені қазіргі жүйенің әрбір бөлігі бұрынғы жүйелердің сол бөліктеріне қарағанда әлдеқайда көп функция атқарады.
Қазіргі ДК-нің құрамына кіретін негізгі құрауыштар келесідей:
- жүйелік тақша
- процессор
- жад
- қатқыл диск
- ақпарат жинақтаушы
- бейнеадаптер
- монитор
жүйелік тақша – жүйенің ядросы. Бұл ДК-дің басты бөлігі – қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Әдетте, жүйелік тақшада келесі құрауыштар болады:
- процессордың ұясы
- процессордың қоректену кернеуін түрлендірушілер
- жүйелік тақшаның жүйелік логика микросхемаларының жинағы
- екінші деңгейлі кэш-жады
- жад ұялары
- шинаның слоттары
- енгізу-шығару микросхемасы
Процессор - бұл компьютердің «қозғалтқышы». Бұл жүйедегі ең маңызды микросхема, өйткені дәл осы микросхема программалық жасауының командаларын орындайды.
Жүйелік жад көбінесе жедел жад немесе ерікті қатынасты жад деп аталады. Бұл онда процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад.
Қатқыл диск – жүйедегі ең басты ақпарат тасушы. Онда қазіргі кезде жедел жадта жоқ бағдарламалар мен деректер сақталады.
Бейнеадаптер – мониторда көретін ақпарат бейнесін басқару қызметін атқарады.
Монитор жүйелік блоктан бөлектен бөлектеніп, өзінің қорғауыш қорабына орналастырылған.
Атқаратын қызметі бойынша ДК-ді үш топқа бөлуге болады: тұрмыстық мақсаттағы, жалпы мақсаттағы және кәсіби мақсаттағы ДК-лер.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Жаңа типті компьютердің негізгі құрауыштарын атап шығыңдар?
2. Аналық тақша құрауыштарын атап шық?
3. Монитор неге арналған?
4. Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?
5)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға арнаулы ЭЕМ қызметтерін ұйымдастыру және ЭЕМ буындары, олардың элементтік базасы туралы жалпы мағлұмат беру.
6) Үйге тапсырма § 4.2, бет. 44-50
Дербес компьютердің құрауыштары. Дербес компьютерлерді жіктеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.