Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалпы желі ұғымы -

Жалпы желі ұғымы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1446 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тұрғынбаев Мұхтар Атанұлы
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Тұрар Рысқұлов ОМ МДШО
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалпы желі ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Оқушыларды желі және оның түрлерімен таныстырып, интеллектуалдық
қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын және интерактивті тақтаны пайдалану деңгейін дамыту.
Тәрбиелік – Ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер -16+1, ActivStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, Activote, Activhub, бейнепроектор-1.
Пәнаралық байланыс: геометрия, шет тілі, сызу

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын шолу, назарларын сабаққа аудару.
2) Өткен сабақты қайталау

1 Лазерлік ойнатқыш дегеніміз не?
2 Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
3 Мультимедиа дегеніміз не?

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы,бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Компьютерлік желінің 3 түрі бар:

1. Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;

2. Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктірілген компьютерлер тобы;

3. Ауқымды желі(интернет)- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.


Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

Аймақтық желі- бір мемлекеттің ішінде орналасқан мысалы, қала, облыстың компьютерлерінің бірігуі.

Алматы облысы Астана Алматы

Сервер

Ауқымды желі(Internet) – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Тапсырма №1: Осы №32 кабинеттегі компьютерлердің орналасу реті қандай жергілікті желі түріне жатады?(оқушылар өздері жеке-жеке тапсырмаларын орындайды)

4)Сергіту жаттығуы. (Күй әуенімен терминдер атауын табу)

Т П Л О Т Т Н О М
Ы П Р Р Т Е И Д Е
Ш Н И Е Е Р О М М
Қ А Н Т Р Н Н И Т
Н Т С Ө З Е Т Р О
А И Б А Й Т Т Е З
М В П И К М Е Р Е
Ә И А Р С О Ұ А Ф
Т Р И Х Е Д Я Й Л
І У В Ж Л И Я И Ц
Н С Д А Ь Ф И К А

Жасырылған сөздер:

Тышқан, мәтін,плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,
жад, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем,
интернет, байт, антивирус.

Тапсырма №2: Берілген сызбадан артық терминдерді табу

5) Жаңа тақырыпты бекіту

1 Жалпы желінің қанша түрі бар?
2 Жергілікті желі топологиясы қанша бөлікке бөлінеді?
3 Интернет желісіне қандай құрылғы көмегімен қосыламыз?

6)Сабақты қорытындылау. Activote құрылғысымен интерактивті тақтада тест тапсыру

7) Оқушыларды бағалау
Activote құрылғысымен алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазымен марапаттау.

8 ) Үйге тапсырма: «Компьютерлік желі», «Интернет»,
«Желі топологиясы» атты тақырыптарына шағын тест,
сөзжұмбақтар құрастыру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.