Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құжаттарды құру, сақтау және ашу. Мәтін үзінділерін өшіру, форматтау. -

Құжаттарды құру, сақтау және ашу. Мәтін үзінділерін өшіру, форматтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3576 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Құжаттарды құру, сақтау және ашу. Мәтін үзінділерін өшіру, форматтау.
Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының терезесі элементтерімен және мәтін теру ережелерімен таныстыру. Редакторда құжаттарды құру, сақтау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды құжтты құру, сақтау және ашу операцияларымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
2. WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3. WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
4. WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
5. Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
6. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
3)Жаңа тақырыпқы кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
WordPad қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларын орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
әдетте программа іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша, яғни автоматы түрде орысша және ағылшынша әріптермен мәтінді енгізу үшін Times New Roman қарпі орнатылады. Олардың қажеттісін таңдап алу үшін, пернетақтаның индикаторындағы екеінің бірін шерту қажет.
Мәтінді пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
Enter пернесін тек абзац соңында немесе мәтінді бос жол жасау үшін басады. Бас әріп теру үшін Shift пернесін басып тұрып, қажетті әріпті теріңдер. Жолды түгел бас әріппен теру үшін, Caps Lock пернесін басып қойыңдар, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басыңдар.
Егер сендер керек емес әріпті теріп қойсаңдар, онда BackSpace пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символды жоюларыңа болады.
Мәтінді жою үшін, Delete пернесін де пайдалануға болады. Егер меңзерді өшіретін әріптің алдына қойып Delete пернесін басса, оның соңындағы әріп өшеді.
Мәтіннің бүтін бөлігін де өшіруге болады. Ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, Delete пернесін басыңдар.
Мәтіннің блогын тышқанның көмегімен белгілеу үшін, блок басында тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей отырып, тышқан нұсқағышын белгіленетін блоктың соңына жылжытыңдар.
Құжат бойы меңзерді жылжытуға арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациялары Міндеті
Ctrl + ↑
Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады
Ctrl + ↓
Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады
Ctrl +←
Меңзерді бір абзацқа солға жылжытады
Ctrl + →
Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады
Pg Up
Меңзерді бір бетке төмен жылжытады
Pg Dn
Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады
Home
Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады
Ctrl + Home
Меңзерді құжаттың басына жылжытады
End
Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады
Ctrl + End
Меңзерді құжаттың соңына жылжытады
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Пернетақта тілін қалай өзгертеміз?
2. Мәтін блогын қалай белгілейміз?
3. Құжат бойынша қалай жылжимыз?
4. Құжат құру кезеңдері?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға WordPad – та құжат құру, сақтау және оны ашу туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 149-156
WordPad – та құжат құру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.