Меню
Назад » » »
Ғалым- Қаныш Сәтбаев. Етістік
загрузка...

загрузка...
Пазилова Гүлімжан Мұхаметжанқызы,

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент қ. республикалық әскери мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Ғалым- Қаныш Сәтбаев. Етістік

Мақсаты: Білімділік. Қ.Сәтбаевтың ғылыми еңбектері жайлы мәлімет беру және қазақ ғылым тарихынан алатын орнын айқындау. «ЭКСПО-2017» көрмесінде ғалым еңбектерінің маңыздылығын оқушыларға таныту. Етістікті меңгерту.
Дамытушылық. Мәліметтер беру және меңгерту барысында мотивациясы жоғары, орта және төмен оқушылардың қабылдау және қайта жаңғырту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жаттығуларды орындату арқылы шапшаңдыққа үйрету.
Тәрбиелік. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған жерді және оның табиғатын көзінің қарашығындай қорғап, жер асты құнды-минералды қазбаларын ұтымды пайдалануға баулу.
Күтілетін нәтиже: Ғалым Қ.Сәтбаев жайлы мәлімет алады және ғылыми еңбектерімен танысады. Академиктің құнды еңбектерінің қазақ тарихы мен ғылымында алатын орнын біледі. Етістік жайлы білім алады. Мәтіннен етістіктерді таба біледі. Алған білімін ҰБТ-де пайдаланады. Сапалы ойлап, саналы сөз айтуға үйренеді. Өздері ізденетін тапсырмаларды орындау арқылы сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

Саб. кезең-дері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Сабақтың
әдістері Пән аралық байланыс
Керекті жабдықтар
1 мин. 1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу Командирдің сыныптағы орынбасары оқушылардың құрамы жайлы баяндайды Этика Топ ережесі
2 мин. 2.Қазақ тіл білімінің морфология саласы бойынша ауызша сұрақ-жауап. Оқушылар қазақ тіл білімінің морфлогия саласы бойынша алып жатқан білімдерін естеріне түсіріп, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Сұрақ-жауап,
Физиология
Доп

2 мин 3. Сергіту сәтін ұйымдастыру: «Сандар сөйлейді». 1-ден 9-дейін жазады, тұсына соң қолдарымен сол сандарды қайталап жазады. Ұқсас сандарды анықтайды. Ой қозғау Психология Психологиялық
тест
5 мин.
4.Үй тапсырмасы: есімдік және оның мағыналық түрлері бойынша алған білімдерін пысықтау және бағалау арқылы мотивациясы жоғары, орта және төмен оқушыларды анықтау мақсатында тапсырма беру:
№1 тапсырма (есте сақтау қабілетін анықтау)
4.1. Кестелі сұрақ-жауап парақшасын таратып беру.
4.2. Сұрақтың дұрыс жауабын айтады.

Парақшада көрсетілген сұрақтарға жауап береді.

Жауап парақшаларын бір-біріне ұсынады.

Бірін-бірі бағалайды.

Жеке қабілетін анықтау

Жұптық бағалау


Педагогика

Психология

Кесте парақшасы
3 мин 5. №2 тапсырма (көру және пайымдау қабілетін анықтау) Өткен сабақты бүгінгі сабақпен байланыстыру мақсатында «Кім жүйрік» ойынын ұйымдастыру. Тапсырма: Бітесіп қалған әріптердің ішінен есімдік пен етістікті табады, бір-бірімен баланыстырады. Мысалы:
вкгщбаршатпаыфчмжазенсенякрьбаропсолшуажқарадыэхоқысоуыөзімекаууйцешюдор№юмынаубьтбайлаэфсежбилещыдфышфнкеллфщутыжгоянюфзубізязбик Ой қозғау Психология Постер, маркер
2 6. Оқушылардың жинаған ұпайына және тапқырлығына қарай мотивациясы жоғары және төмен оқушыны бірге отырғызу. Зейіні жоғары мен төмен оқушы жұптасады. Жұптық оқыту Физиология
2 мин 3. ҰБТ дайындау кітапшаларынан етістікке байланысты сұрақтарды таптырту арқылы сабақтың мақсатын ашу. Кітапшалардан есімдікке байланысты сұрақтарды іздеп табады. Бұл тақырыптың ҰБТ сұрақтарында кездесетінін және оған дайындалу керектігін сезінеді. Сыни тұрғыдан ойлау, өмірмен байланыстыру
Психология
ҰБТ-ке дайындау кітапшалары
15 мин. 6. Негізгі бөлім:
Екі тақырыпты бірге қорғату:
- Ғалым –Қ.Сәтбаев жайлы мәлімет беру. - Етістікті қорғату.
Ғалым жайлы мәлімет алады және оны бүгінгі негізгі тақырып «Етістікпен» байланыстыра отырып қорғайды.
Негіздеу
Байланыстыру
Дәлелдеу
Сызу,
Химия
География Қазақ тіл білімі оқулығы,
Қ. Сәтбаев жайлы мәліметтер
10
мин. 6. Жаңа сабақты пысықтау: етістік бойынша деңгейлі жаттығу жұмыстарын жасату. Деңгейлік тапсырма.
І деңгей: Мәтінді 2 рет оқиды, түсінігін тақтаға жазады. Ішінен етістікті табады. (тақтамен жұмыс).
ІІ деңгей: Тірек сөздерді пайдаланып суретке мәтін құрайды (дәптермен жұмыс)
ІІІ деңгей: №1.Мұғалім «Қазақтың үкім кесімдерінен» орысша болымды түрін айтады, оқушы оны қазақша үкімге айналдырады ( ауызша, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог).
Деңгейлеп оқыту

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Этно-
педагогика Тақта

Дәптер
2 мин. 8. Сабақты қорынындылау.
Рефлексия: «Білемін. Білдім. Білгім келеді» кеспе парағын толтырту. Бүгінгі сабақ бойынша білетіндерін, білгендерін және білгісі келетіндері жайлы кеспе параққа жазып, мұғалімге тапсырады Жаңа тақырып бойынша меңгергенін жүйелеу Сын тұрғыдан ойлауға үйрету,
Өзін-өзі бағалау және талаптандыру
Кесте парақ
1мин 9. Оқушыларды бағалау және үй тапрсырмасын беру:
- « «ЭКСПО – 2017» көрмесінде Қ.Сәтбаевтың еңбектері құнды» тақырыбында слайд-шоу.
- Етістіктің ережесін жаттау.
Ғалым, академик Қ.Сәтбаев жайлы слайд-шоу жасайды.
- Етістіктің ережесін дәптерге түсіреді және жаттайды.
Сыни тұрғыдан ойлау География

Информатика Ғаламтор,
Шың Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ғалым- Қаныш Сәтбаев. Етістік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 361 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar