Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары -

Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 196 | Просмотров: 3111 | Размер: 19.9 Kb | Автор: Тәрбие
. 5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і Күні _____________

Сабақтың тақырыбы:
Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: білімділік – антонимдерді ойды әсерлі, көркем етіп етіп жеткізудің құралы ретінде пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік – пайдаланған мәтіндер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру;
Дамытушылық – шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға жол ашу, пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі : кеспе қағаздар, түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару; ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
92-жаттығуды тексеріп шығу.
1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.
3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
4) Антоним дегеніміз не? Мысалы.
Жаңа сабақ:
Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. Тақтамен жұмыс:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
Көз қорқақ, қол батыр.
Істеу қиын, сынау оңай.
Баланың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.

 Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
 Аттан биік, қойдан аласа.
 Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым

Кітаппен жұмыс : 93,94-жаттығулар. Шарты бойынша орындау.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің ... жақсы.
Дұшпанға тастай қатты бол,
... балдай тәтті бол.
Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы ... қолды болар.
Ақыл – дос, ашу - ...
Көп сөз – күміс,
... сөз – алтын.
Қыс арбаңды сайла,
... шанаңды сайла.

Білімді пысықтау: Венн диаграммасы
Омонимдер

Синионимдер Антонимдер

Шығармашылық жұмыс: 99- жаттығу бойынша:
І қатар – «Туған күн»
ІІ қатар – «Дос қылығы»
ІІІ қатар – «Сиқырлы таяқ» (Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің? – осы сұраққа жауап болатындай мәтін жазыңдар, онда міндетті түрде антоним сөздер болсын)

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, 96-жаттығу шарты бойынша

Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.