Меню
Назад » » »
Апта күндері
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Апта күндері»
Мақсаты:
1. Білімділік: Апта түсініктерін терең меңгерту, тақырып бойынша қысқаша әңгіме айта білуге машықтандыру, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз уақыттарын орнымен пайдалануға және ұтымды жұмыстарға жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекі – құралдар: оқулық, суреттер, интерактивті тақта, сөздіктер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, аударма.
Сабақтың барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу, түгелдеу;
2. Сабақты мұқият тыңдауға баулу;
3. Дәптерге күн ретін жаздыру;
4. Сабаққа белсене қатысып, тәртіп сақтауды үйрету.

 Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі, тамаша! Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!
- Ал, оқушылар жаңа сабағымызды бастайық. Ол үшін сендер бірнеше тапсырмаларды орындауларың керек.
Олай болса мына сиқырлы сандарға назар аударайық. Бұл сандардың астында не бар екенін білу үшін, сендер бір санды таңдап аласыңдар. Сол санға байланысты сұраққа жауап бересіңдер. Тапсырманы орындау барысында бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Тапсырма түсінікті ме? Ендеше интерактивті тақтаға назар аударайық! Кәне, кім бастайды?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11

 Сұрақ – жауап, аударма әдістері арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
1. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
2. Құрлықтағы ең ірі жануар? (Піл)
3. Шашты немен тарайды? (Тарақ)
4. «Февраль» сөзінің аудармасы (Ақпан)
5. Жыл мезгілі (Күз)
6. Бұл не? Үй суреті (Үй)
7. Қазақстан Республикасының президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)
8. Қазақ халқының ұлттық аспабы (Домбыра)
9. Төрт түлік мал (Ешкі)
10. «Өзен» сөзінің аудармасы (Река)
11. Б..р деген сөзде қандай әріп түсіп қалды? (І)

Сонда,
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? «Апта күндері»
- Иә, дұрыс апта күндері. Оқушылар аптада неше күн бар?
- Дұрыс айтасыңдар жеті күн бар.
Оларды кім атап береді? Кәне:
1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі
4. Бейсенбі
5. Жұма
6. Сенбі
7. Жексенбі
Бәрекелді, жарайсыңдар!

 Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылар, мен сендерге ертегі айтайын. «Апта» деген ата болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бізге бүгін қонаққа келіпті.
Бірінші ұлы – «Думанды дүйсенбі». Ол сендерге тапсырма бермекші. Ендеше оқушылар, интерактивті тақтаға назар аударайық!

1 – тапсырма: Толықтырып оқы.
Жет..., Саба..., К...н, ...пта.

- Жақсы, тапсырманы орындадыңдар. Сендерге Дүйсенбі риза болды. Ал екінші ұлын қарсы алайық. Оның аты – « сейсенбі». Ол қандай тапсырмамен келгенін көрейік!

2 – тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.
1. Сенің атың кім?
2. Сен нешінші сыныпта оқисың?
3. Неше достарың бар?
4. Демалыста не істейсің?

- Өте жақсы. Енді сейсенбі де сендер жайлы біледі. Есік алдына аптаның үшінші ұлы – «Сәтті сәрсенбі» келіп қалыпты. Ол бізге не әкелді екен?

3 – тапсырма: Берілген сөйлемдерді жазбаша қазақ тіліңде аударыңдар.
Сегодня Вторник
Вчера был Понедельник
Завтра будет Среда
- Тамаша! Сәрсенбі сендерді орыс тілінен де қазақ тіліне қатесіз аудара алатыңдарыңа көзі жетті. Келесі төртінші қонақ – «бейсенбі».

Сергіту сәті

4 – тапсырма: Оқып, орыс тіліне аудар.
- Бүгін Сәрсенбі
- Ертең қай күн болады?
- Ертең Бейсенбі болады.
- Кеше қай күн болды?
- Кеше Сейсенбі күн болды!

- Бәрекелді! Аптаның қасиетті күні – Жұма.
5 – тапсырма: (өз қызығушылықтарын, өнерлерің айту)

- Жақсы, сендер Жұмаға өз өнерлерін айтып бердіңдер. Алтыншы және жетінші ұлдары демалыс күндері – Сенбі, Жексенбі.

6 – тапсырма: Апта күндерін табу.
СЕНБІ




ЖҰМА

- Ал, оқушылар жарайсыңдар! Сабақта өз білімдеріңді көрсетуге тырыстыңдар. Бүгін біз апта күндерімен таныстық.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта қандай сөздермен таныстық?
- Не үйрендік?

Бағалау.
Қоштасу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Апта күндері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 315 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar